(Translated by https://www.hiragana.jp/)
Синтетикалық форма — Уикипедия

Синтетикалық форма

Синтетикалық форма орыс. синтетическая форма (гр. syntheticos - қосу, құрастыру) — сөздің негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тәсілмен жасалатын сөз формасы. Мысалы: тәуір — тәуірлеу — тәуірірек; малшы, малшылар, малшылардың; алшы, алыңыз, алыңыздар; алды, алсам, алар, алдырт, алыс т. б. Мұндай формалық өзгерістер бір сөздің көлемінде (ішінде) болып отыратындықтан, олардан баска аналитикалық тәсілмен туатын күрделі формалар болатыны ескеріліп, жалан формалар деп аталады.[1]

Тағы қараныз:

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

{{ru:Синтетическая форма}}