(Translated by https://www.hiragana.jp/)
Экономика секторы — Уикипедия

Экономика секторы

Экономика Секторы – экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Э. с. экон. жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша – мемл. муниципалдық, жекеше Э. с.; өндірістің көлемі бойынша – ірі (корпоративтік), орта және шағын Э. с.; инвестиц. қызметтің бағытталуы бойынша – нақты, қаржылық Э. с.; салалар бойынша – өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемл. Э. с. – жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемл. меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемл. біртұтас кәсіпорындарға, мемл. мекемелерге бекітіліп берілген мемл. мүлік, елдің мемл. қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерц. ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемл. Э. с-ның дамуын мемл. кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды. Бейкорпоративтік Э. с. – бейкорпоративтік (яғни акцион. қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы – жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда (“меншік нысаны” өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Э. с. – жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Э. с-дың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік Э. с-нда ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді.