Финалда алаң иелері Бразилия мен Испания құрамалары кездесті. Бразилия 3:0 есебімен жеңіске жетті де, қатарынан үшінші рет (бұл рекордтық көрсеткіш) чемпионы атанды. Сондай-ақ олар бесінші рет финалға шықты, төртінші рет жеңімпаз атанды. Бұл екеуі де рекордтық көрсеткіштер.
Мтатчтың үздік ойыншысы боп бразилиялық Неймар танылды. Ол осы ойында бір гол соқты, қалған екі голды Фред енгізді. Неймар осы жазда "Сантостан" "Барселонаға" ауысты да, финалда өзінің көптеген болашақ командаластарына қарсы ойнады.