Манга

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
1798 жылғы «Сики но юкикай» басылымында Санто Кёдэн жазған манга иероглифтері

Манга (漫画まんが, マンガ? [ˈmɑŋgə] ) жапон комикстері. Кейде комикку деп аталады (жапон. コミック)[1][2]. Қазіргі кездегі манга ертедегі жапон өнерінен дамығанымен, осы қалыпқа екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін[3] батыстық дәстүрдің әсерінен келді[4][5][6].

Жапонияда манганы барлық жастағы адамдар оқиды[7], ол көркем өнер ретінде де, әдеби құбылыс ретінде де сыйланады, сондықтан көптеген жанрдағы және әртүрлі тақырыптарға арналған шығармалар бар: хикаялар, романтика, спорт, тарих, юмор, ғылыми фантастика, қорқынышты әдебиет, эротика, бизнес және т.б[7]. 1950 жж. бастап манга жапон кітап баспасының үлкен саласына айналып[3], 2006 жылғы сауда айналымы 500 млн долларға жетті[8]. Ол әлемнің басқа бөліктерінде, әсіресе АҚШ-та, танымал болып[9], 2006 жылғы сатылым туралы ақпараттар 175-200 млн доллар деңгейінде болды[10]. Барлық дерлік манга қара-ала түспен салынып басылады[11], бірақ түсті мангалар да бар, мысалға «Colorful», оның аты ағылшын тілінен «түсті» деп аударылады. Танымал манга, көбінесе ұзақ манга-сериалдар желісі бойынша (кейде әлі бітірілмеген[12]) аниме түсіріледі. Экранизациялардың сценарийлары өзгеріске түсуі мүмкін: егер болса, төбелес пен шайқатар көрінісі жұмсартылады, мықты ашық сценалар алынып тасталады. Манганы салатын суретші мангака деп аталады, көбінесе сценарий авторы да сол мангака болады. Егер сценарий жазуды жеке адам қолға алатын болса, ондай сценарист генсакуша деп аталады (дәлірек айтқанда манга-генсакуша). Манга басқа бір анименің немесе фильмнің желісімен жасалуы мүмкін[13], мысалға «Жұлдыз соғыстары» бойынша. Бірақ аниме мен «отаку» мәдениеті мангасыз пайда болмайтын еді, себебі продюсерлердің аз бөлігі ғана комикс ретінде танымал болып, өз құнын ақтамаған жобаға ақшасы мен уақытын жұмсауға дайын[14].

Этимологиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Манга» сөзінің тікелей аудармасы «қызық немес күлкілі суреттер» болып табылады. Бұл термин XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасыр басында суретші Канкэй Судзукидің «Манкай дзуйхицу» (1771 жыл), Санто Кёдэнның «Cидзи-но юкикай» (1798 жыл), Минва Аикаваның «Манга хякудзё» (1814 жыл) секілді туындылары мен Кацусики Хокусайдың «Хокусай манга» («Хокусай суреттері») альбомдарының сериясы жарияланғаннан кейін пайда болды.

Хокусайдың туындысы

Қазіргі таңда «мангака» сөзі қолданылатын мағынасын Ракутэн Китадзава енгізген деп саналады. Жапониядан тыс «манга» ұғымы Жапонияда жарыққа шығатын комикстермен байланыстырылады. Алайда, манга мен одан туындайтын әдебиет басқа дүние бөліктерінде, дәлірек айтсақ, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытайда көптеп кездеседі. Бұл елдерде манга ,сәйкесінше, манхва және маньхуа деп аталады. Бұның себебі – үш тілдің барлығында сөз біртекті иероглифтермен жазылады. Францияда la nouvelle manga (фр. «жаңа манга») деп жапон мангасының әсерінен туындаған комикстерді атайды. Манга стиліндегі АҚШ-та салынған комикстерді «америманга» немесе OEL (ағылш. original English-language manga) деп атайды.

Манга тарихы[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жапонияда суреттегі әңгімелердің пайда болуы жайындағы ескертпелер алғаш XII ғасырда кездеседі. Будда тақуасы Тоба өзін адам ретінде көресеткен жануарлар мен ережер бұзған тақуалар жайында төрт әзіл-сықақ әңгімелерді суретте бейнелеген. Бұл «Тёдзюгига» әңгімелері тушьпен салынған суреттер мен қолтаңбалары бар төрт қағаз орамнан тұрды. Қазіргі таңда олар Тоба тұрған монастырьде сақталғын. Тобаның өз суреттерінде қолданған бейнелеу өнерінің әдістері заманауи мангада қолданысқа ие.

Дами түсе, манга укиё-э дәстүрлері мен батыс техникаларын бойына сіңірді. Жапониядағы модернизация кезеңі кезінде елге батыс комикстары енгізіле бастады. Суретшілер өздерінің шетелдік әріптестерінен туындыларына композициялық ерекшелік, пропорция, түс беруге үйрене бастайды. Бұл заттарға суреттің мағынасы мен негізгі ойы маңыздырақ болып саналғандықтан, укиё-э дәстүрінде назар аударылмаған. 1902 жылы авторы Ракутэна Китадзавы болып табылатын Tagosaki to Makube no Toukyou kenbutsu әзіл-сықақ комиксі жарияланды. Американдық комикстерге ұқсастырылып салынған бұл туынды Жапониядағы алғашқы «сериалдық» комикс атанды.

1900—1940 жылдар аралығында манга маңызды қоғамдық құбылыс болып саналмады. Оны халық жасөспірімдер арасындағы уақытша әуестенушілік ретінде қабылдады. Император Тайсё билікке келгеннен кейін, мангакалар графикалық стильдерін өзгертуге талпыныс жасады, шетелдік суретшілермен тәжірибе алмастырды. Мысалы, 1920 жылдары жапон суретшілері тобы АҚШ-қа сапар шеккен.

Ұлы Отан соғысы кезінде және одан кейінгі кезеңде Манга өзінің заманауи қалпына келе бастады. Жапонияда XIX ғасырдың екінші жартысында танымал болған еуропалық карикатуралар мен американдық комикстер манганың дами түсуіне өлшеусіз үлес қосты. Жапондық милитаризм кезеңінде манга жақсы қағаз бен түсте басылды. Оның басылымың қаражаты мемлекетпен қамтамасыз етілді. Алайда, соғыс аяқталғаннан кейін оның орнын сапасыз қағазға салынған, бағасы арзан «осакс» мангасы басты. Дәл сонл кезеңде,1947 жылы Осаму Тэдзука өзінің Shin Takarajima мангасын жарыққа шығарады. Таңқалдыратыны, бұл манга соғыстын кейін кедейшілік зардабын шеккен Жапонияда 400000 дана көлемінде сатылады. Мангада дыбыстық эффектілер, оқиғаның ірі планмен берілуі, қозғалыстың кадрдағы графикалық ерекшеленуі кездесті. Осы техникалар заманауи мангаға тән ғана емес, онсыз қазіргі манганы елестету мүмкін емес. Shin Takarajima мен Astro Boy бас айналдырарлық танымалдыққа қол жеткізді. Тэдзука бірқатар мангаларды жарыққа шығарып, шәкірттері мен орынбасарларын соңынан қалдырды. Манганың әлемдік нарыққа белсенді шығуы 1990 жылдардың басы мен ортасында кең көлемде орын алды. Бұл елдегі экономикалық кризиске байланысты болды.

Наруто

Қазіргі кезде манганы Жапонияда жасөспірімдермен қатар, ересектер де оқиды. Ол баспасөздің бір бөлігі болып табылады. One Piece , «Наруто» секілді атақты туындылар сатылымдары саны Гарри Поттер туралы кітаптар сатылымдарынан кем түспейді. Алайда, олар жыл сайын азайып барады. Жапондықтардың манганы аз оқуының себептерінің бірі ретінде қоғамда егде жасындағы адамдардың көбеюі мен туу көрсеткіштерінің төмендеуі қарастырылады. Сонымен қатар, 1980 жылдары баспашылар жасөспірімдерді қызықтырудың орнына, ересек оқырмандар қауымына бейімделді. Нәтижесінде, жасөспірімдер кітап оқымай, компьютер ойындарымен көп уақытын өткізеді.

Дереккөздер[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Лент, Джон. Иллюстрированная Азия: Комиксы, юмористические журналы и книжки с картинками = Illustrating Asia: Comics, Humor Magazines, and Picture Books — Гонолулу: University of Hawai'i Press, 2001. — ISBN 0-8248-2471-7.
  2. Go Tchiei Characteristics of Japanese Manga  (ағыл.) (1998). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 11 мамыр 2008.
  3. a b Kinsella, Sharon. Adult Manga: Culture and Power in Contemporary Japanese Society — Гонолулу: University of Hawai'i Press, 2000. — ISBN 978-0824823184.
  4. Kern, Adam. Manga from the Floating World: Comicbook Culture and the Kibyōshi of Edo Japan — Cambridge: Harvard University Press. — ISBN 978-0674022669.
  5. Ито, Кинко История манги в контексте японской культуры и общества  (ағыл.) 38 (3): 456-475. The Journal of Popular Culture (2005 год). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, 11 мамыр 2008.
  6. Schodt, Frederik L. Manga! Manga! The World of Japanese Comics — Токио: Kodansha, 1986. — ISBN 978-0870117527.
  7. a b Gravett, Paul. Manga: Sixty Years of Japanese Comics — NY: Harper Design, 2004. — ISBN 1-85669-391-0.
  8. Продажи манги в Японии упали до 500 блн иен  (ағыл.). ComiPress (10 мамыр 2007 ж.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 11 мамыр 2008.
  9. Patten, Fred. Watching Anime, Reading Manga: 25 Years of Essays and Reviews — Berkeley: Stone Bridge Press, 2004. — ISBN 978-1880656921.
  10. Cha, Kai-Ming Viz Media и манга с Соединённых Штатах  (ағыл.). Publishers Weekly (3 сәуір 2004 ж.).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 мамыр 2008.
  11. Peter Katzenstein & Takashi Shiraishi. Network Power: Japan in Asia — NY: Cornell University Press, 1997. — ISBN 978-0801483738.
  12. Kittelson, Mary Lynn. The Soul of Popular Culture: Looking at Contemporary Heroes, Myths, and Monsters — Chicago: Open Court, 1998. — ISBN 978-0812693638.
  13. Johnston-O'Neill, Tom Finding the International in Comic Con International. The San Diego Participant Observer (3 тамыз 2007 жыл). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 5 сәуір 2008.
  14. Мацутани, Минору. "Манга": сердце массовой культуры  (ағыл.). The Japan Times Online (26 мамыр 2009 жыл). Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2011. Тексерілді, 28 мамыр 2009.

Тағы да қараңыз[өңдеу | қайнарын өңдеу]