(Translated by https://www.hiragana.jp/)
Орфография — Уикипедия

Орфография

10:12, 2011 ж. шілденің 15 кезіндегі 82.200.154.115 (талқылау) жасаған нұсқа

Орфография

Орфография (грек. orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. О. дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. О. емле мағынасында да қолданылып, тыныс белгілерінің қойылу тәртібін де көрсетеді. Мұндай ережелер фонемат., фонет., тарихи-дәстүрлі, айырым принциптеріне негізделеді.

  • Фонемат. принцип көп жағдайда морфол. принципке сәйкес келеді, мұнда белгілі бір фонемалық түрленімдер әліпбидегі бір ғана әріппен белгіленеді. Мыс., басшы (башшы емес), түнгі (түңгі емес), саудагер (сәудегер емес).
  • Фонет. принцип бойынша сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгерістері есепке алынып, айтылуы негізінде (естілуінше) жазылады. Қазіргі О-лық ереже бойынша кейбір жалқы есімдердің сыңарлары фонет. принципке негізделген (Ботагөз, Амангелді, т.б.). Тарихи-дәстүрлі принцип жазу-сызуы бір графика негізінде қалыптасқан, өзгеріске түспеген тілдерге тән (ағылшын, француз, т.б.). Қазақ жазуында әліпби жиі ауысып отырғандықтан, бұл принцип сирек қолданылады. Мыс., тарих, халық, хикая, қаһарман, т.б. сөздердің жазылуы осы принципке негізделген.
  • Айырым принципі бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас сөздер шартты түрде О. арқылы ажыратылады: қан – хан, қауып – қауіп, өкімет – үкімет, т.б. Сөздердің бөлек не бірге жазылуы түрлі лексика-граммат. топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады. Мыс., ақтаңдақ (сөз) – ақ таңдақ жер (сөз тіркесі). Сондай-ақ сөйлемнің басында тұрған сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен таңбаланады. Сөздерді тасымалдау ережесі қазақ О-сында сөздің буын жүйесіне негізделген.[1][2][3][4]

Пайдаланған әдебиет

  1. Уәлиев Н., Алдашева А., Қазақ орфографиясындағы қиындықтар, А., 1988;
  2. Сыздық Р., Қазақ тілінің анықтағышы, Аст., 2000;
  3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, А., 2001
  4. Тіл білімі терминдерінін түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9