Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.[1]
- Дифтоңдар — екі немесе үш дыбысты біріктіретін: и, у, ю, я
Мысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие[шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет] .
- Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
- Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і
- Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
- Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
- Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
- Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Тағы қараныз:
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |