Трактор
ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.
Сипаттама
өңдеуАуыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.
Түрлері
өңдеуҚозғалтқышының түріне қарай трактор «доңғалақты» не «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.
- Батпақта журуге арналған трактор — кәсіпорындарға арналған, өте жалпақ шынжыр табанды трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді.
- Тауға арналған трактор — ауылшару ашылығына арналған доңалақты трактор, көлденең жағдайда қаңка орнатуға бейімді жұмыстар аткарады.
- Шынжыр табанды трактор — шынжыр тәрізді козғағышы бар трактор: жерге түсіретін кысымы аз, өткіштігі жақсы болады.
- Доңғалықты трактор — доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдыгы жоғары және металл сыйымдылығы аз болады.
- Өнеркәсіптік трактор — жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруашылығында, кұрылыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
- Жалпы өнеркәсіптік трактор — кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (негізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдықпен жасақталған.
- Жер өңдеуге арналған трактор — ауылшаруашылык жер өңдеуге арналған трактор; жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.
- Баулық трактор — ауыл шаруашылыгында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машиналар мен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.
- Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор — ауыр ауылшаруашылық жұмыстарды аткаруға арналған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейінгі трактор.
Тарихы
өңдеуБу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалды. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.
Қолданылуы
өңдеуАуыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды.
Құрылымы
өңдеуТрактордың механизмдері мен жабдықтарына:
- күштік қондырғы,
- күштік беріліс,
- жүрістік бөлік,
- қаңқасы,
- басқару механизмі,
- кабина
- электр жабдықтары жатады.
«Күштік қондырғы» трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. «Күштік беріліске» ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың «жүрістік бөлігі» аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады. Трактор «қаңқасы» әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. Трактордың «басқару механизмі» рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор «кабинасы» тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың «электрлік жабдықтары» ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады[1][2].
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |