Үнді-Еуропа тілдері
Үнді-Еуропа тілдерi — Еуразиядағы ең ірі тіл шоғырының бірі.
Үнді-Еуропа тілдері тарихи кезеңдерге байланысты Еуропаға, Иран мен Үндістанға, Алдыңғы Азия мен Орталық Азияға, Кавказға, кейін Оңтүстік пен Солтүстік Америкаға, Сібірге, Австралия мен Африканың кейбір бөліктеріне тараған. Үнді-Еуропа тілдер құрамына кіретін тілдер тобы:
- хетт-лувия немесе анатолия;
- үнді тілдері;
- иран тілдері;
- армян тілі;
- фригий тілі;
- грек тілі;
- фракий тілі;
- албан тілі;
- иллирий тілі;
- венет тілі;
- италий тілі;
- роман тілдері;
- кельт тілдері;
- герман тілдері;
- балтық тобы: батыс, балтық-прусс, ятвяж;
- славян тілдері;
- тохар тобы: тохар A немесе карашар; тохар Б немесе кушан, т.б.
Үнді-Еуропа тілдерін жақындастыратын негізгі белгілері басқа тілдермен салыстырып қарайтын тарихи әдіс арқылы анықталады. Мұның өзі тілдің жеке бөліктерін құрайтын әр деңгейдегі формальды элементтерінің жүйелі түрдегі сәйкестігін көрсетеді. Үнді-Еуропа тілдерінің ұқсастығы тіл шоғырының әуел баста баба тілден бастау алғанын, сондай-ақ басқа тілдердің даму барысында өзара жақындасып, типология құрылымда ортақ белгілерінің қалыптасуынан пайда болған деген жорамалға негізделген. Кейбір еңбектерде барлық тіл бір кезде біртұтас ностра тілдері шоғырына біріккен деген болжам да бар.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005. ISBN 9965-409-88-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |