Counter-Strike: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мазмұны өшірілді Content added
ш Боттың үстегені: ro:Counter-Strike
ш Боттың үстегені: zh-classical:CS
100-жол: 100-жол:
[[vi:Counter-Strike]]
[[vi:Counter-Strike]]
[[zh:はんおそれしらげえい]]
[[zh:はんおそれしらげえい]]
[[zh-classical:CS]]
[[zh-yue:Counter-Strike]]
[[zh-yue:Counter-Strike]]

17:48, 2009 ж. желтоқсанның 26 кезіндегі нұсқа

Counter-Strike

Counter-Strike (ағылшынша: counter-strike — айқаспалы атыс) — бірінші жақ шутер жанрында компьютерлік ойын. 1999 жылы Half Life ойынның модификациясы болып пайда болды.

Сипаттама

Counter-Strike — бірнеше пайдаланушылармен немесе боттармен (компьютерлік бағдарлама) бірден ойнай алатын компьютерлік ойын. Ойында екі жақ бар: террористтер (terrorists) және контртеррористтер (counter-terrorists). Ойынның мақсаты — тапсырманы орындау немесе тірі қалып қарсы жақты құрту. Ойын раундтарға бөлінеді. Әр раундтың басында ойыншы өз базасында пайда болып өзіне қару-жарақ, оқ-дәрі сатып алады. Әр ойыншының өз ақшасы бар. Ол ақшаны тапсырмаларын орындап, қарсы жақтың ойыншыларын "өлтіріп" табады.

Тұтқындар

Тапсырмалар

Ойында карталарға байланысты бірнеше тапсырмалар бар:

  • de (Bomb defuse) — террористтерге — бомбаны жару, контртеррористтерге — зарарсыздандыру
  • cs (Hostage rescue) — контртеррористтерге — тұтқындарды құтқару
  • as (VIP assasination) — контртеррористтерге — белгілі бір адамды өлтіру
  • es (Escape) — қашып кету

Ойын карталар

Ойын карта — ол шектелген ойын территориясы. Counter-Strike-та көптеген әр түрлі ойын карталары бар. Олар қазірге дейін жаңадан шығарылады да оларды ойынға қосуға болады.

Қару-жарақ

Қарсы жақтардың қару-жарақ сатып алуға таңдау жинақтығы бөлек, бірақ қару-жарақтардың көбісі бірдей. Мысалы, террористтерге M4A1 және BULLPOP, ал контртеррористтерге CV-47 (АК-47) және KRIEG 552 деген мылтықтарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Оларды жымқыруға ғана болады.

Сыртқы түрлері

Ойыншы әр жақтың төрттен бір түрін таңдай алады. Олар ойын әрекетіне еш әсер етпейді, жалғыз ғана сыртқы түрін айналыста маскировка бойынша қолдануға болады.

Counter-Strike 1.6 бейнесуреті

Ойын талаптары

Киберспорт

Бұл ойын бойынша көптеген турнирлар өткізіледі. Бүкіләлемдік турнирлар да бар. Сондай турнирларда қатысатын командалардың арасында Қазақстанның командалары да бар.

Сілтемелер

Үлгі:Link FA