Сент-Китс және Невис: Нұсқалар арасындағы айырмашылық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Content deleted Content added
ш r2.6.5) (Боттың үстегені: tr:Saint Kitts ve Nevis
ш r2.7.2) (Боттың аластағаны: ps:سېنټ کېټس او نېويس
106-жол: 106-жол:
[[pms:Saint Kitts e Nevis]]
[[pms:Saint Kitts e Nevis]]
[[pnb:سینٹ کٹس اینڈ نیویس]]
[[pnb:سینٹ کٹس اینڈ نیویس]]
[[ps:سېنټ کېټس او نېويس]]
[[pt:São Cristóvão e Nevis]]
[[pt:São Cristóvão e Nevis]]
[[qu:San Kits Niwiswan]]
[[qu:San Kits Niwiswan]]

15:58, 2011 ж. қазанның 29 кезіндегі нұсқа

Сент-Киттс және Невис Федерациясы (Сент-Кристофер және Невис Федерациясы) —Кариб бассейніндегі Сент-Китс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания ханшайымы басқаратын Британ Достастығы мүшесі. Астанасы — Бастер қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия, Ұлыбритания достастығына кіреді. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы — Ұлт күні — 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары. Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі.

Географиясы

Сент-Киттс және Невис жері негізінен таулы вулканды болып келеді. Климаты тропикалық пассатты. Ең биік нүктесі (1155 м) — Сент-Китс аралында. Айлық орташа температура 18 — 24С, жауын-шашын мөлшері 700 — 1200 мм. Таулардың аңғарларын қант құрағы мен мақта плантациялары алып жатыр. Ал жоғары бөліктері — таулы тропикалық орман жамылғысы. Ел аумағы жануарлар дүниесіне кедей. Сент-Киттс және Невисті 1493 ж. Х.Колумб ашты. 1623 жылға дейін Испанияның отары болды. 1623 ж. ағылшындардың, 1627 ж. француздардың қарамағына өтті. 17 — 18 ғасырларда Ұлыбритания мен Франция аралығындағы даулы аймаққа айналып, 1783 ж. ағылшындардың отарына айналды. 1958 — 62 ж. Вест — Үнді федерациясының құрамына кірді. 1967 ж. ақпанда Ұлыбритания қарамағындағы өзіндік басқару құқығына ие болып, 1983 ж. тәуелсіз мемлекетке айналды.

Экономикасы

Экономиканың басты саласы — ауыл шаруашылық қант құрағы, мақта, кокос пальмасы, күріш, ямс және банан өсіріледі. Балық шаруашылығы, сондай-ақ туризм дамыған. Тұз өндіріледі. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында азық-түлік тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ-киім, дәрі-дәрмек, т.б. шығарылады. Елде қант з-ты жұмыс істейді. Сыртқа қант құрағын, мақта және кокос майын, электроника, мақта шығарады. Импортының негізін құрал-жабдықтар мен мұнай өнімдері құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 7730 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, Кариб бассейні елдері, АҚШ.


Пайдаланған әдебиет

Әдеб.: Латинская Америка. Энциклопедический справочник в 2-томах, М., 1982; Страны мира, М., 2004.