Жеміл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
06:32, 2011 ж. қазанның 14 кезіндегі BekusBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Бот: Санат:Ж дегеннен аластатты)
Навигацияға өту Іздеуге өту
ЖЕМІЛ

ЖЕМІЛ, валерианелла (Valerіanella) – шүйіншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Оңтүстік Еуропадан Иран, Ауғанстан және Орталық Азияға дейінгі аймақта таралған 60-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың тасты, тастақты жерлерінде, орман, бұта арасында, аласа тау беткейлерінде өсетін 8 түрі бар. Бұлардың биіктігі 15 – 50 см, сабақтары тік өседі, жоғары қарай бұтақтанған, сыртын түк басқан. Жапырақтары созылыңқы-ұзынша, бүтін жиекті. Күлтесі оймақша тәрізді, имек болады. Гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, мамыр – шілдеде жемістенеді. Жемісі 3 ұялы.

[1]

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. "Қазақ Энциклопедиясы"