Шәркей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:35, 2011 ж. желтоқсанның 6 кезіндегі GaiJinBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа ({{Суретсіз мақала}} үлгісін үстедім)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шәркей, шақай, шоқай — көннен жасалынған қарабайыр аяқ киім. Оны тау шөгінділерімен жүргенде аңшы, құсшылар және шаруашылықпен айналысатын егіншілер етік сыртынан киген, нәтижесінде ол аяқ киімді тез тозудан сақтаған. Ол шала иленген көн “шылғи“ теріден жасалынады, өкшесі мен қонышы болмайды, табанына киіз ұлтарақ салынады. Теріні аяққа шақтап орап не бүре отырып, қалыптап байпақ басына тарылтып “науалап“ жасайды, бауын өкше жағынан шығарады. Аяқ киімге орналастыруды “Шәркей тарту“ деп атайды. Бұл киімді оңтүстік өңірлерде “шақай“, Арал аймағында “шарық“, Көкшетауда “шәрке“, Семейде “шәркей“, Қостанай мен Ақтөбеде “шабата“ (Орынбор қазақтары жөкеден тоқылған аяқ киімді осылай дейді) деп те атайды. Зерттеушілердің айтуынша жұмыс аяқ киіміне саналатын Ш-дің сұқпай (сәркей), көн шабата, сірі шоқай, қайыс етік, шөпшөр, шепік, мөкі кебіс, т.б. түрлері болған.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]