Александр Флеминг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Александр Флеминг
ағылш. Sir Alexander Fleming
Туған күні

6 тамыз 1881 (1881-08-06)

Туған жері

Шығыс Эйршир, Дарвел (ағыл.) (Ұлыбритания)

Қайтыс болған күні

11 наурыз 1955 (1955-03-11) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Лондон (Ұлыбритания)

Ғылыми аясы

бактериология, иммунология

Жұмыс орны

қас. Мария госпиталі (St Mary's Hospital, London (ағыл.))

Альма-матер

Килмарнок академиясы (Kilmarnock Academy (ағыл.))

Несімен белгілі

пенициллинді ашқан

Марапаттары


Джон Скотт медалі (1944)
Нобель сыйлығы Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (1945)
Альберт медалі (Корольдік өнер қоғамы) (1946)
Үлгі:Рыцарь-бакалавр

Сэр Александр Флеминг (ағылш. Sir Alexander Fleming, 6 тамыз 1881, Дарвел (ағыл.) — 11 наурыз 1955, Лондон) — британдық бактериолог. Лизоцимді (адам ағзасында өндірілген бактерияға қарсы фермент) және бірінші рет Penicillium notatum зең саңырауқұлақтарынан пенициллинді — тарихи алғашқы антибиотикті бөліп алған.

Екі жаңалық та, 1920-ші жылдары және көп дәрежеде кездейсоқ болған. Бірде, Флеминг суық тигізіп алған кезде, ол Петри тостағанына мұрнынан шырышын егеді, шырышта бактериялар болған, және бірнеше күннен кейін шырыш қолданылған жерлерде, бактериялар жойылғанын байқаған. Лизоцим туралы бірінші мақала1922 жылы шықты.

Флемингтың зертханасында бейберекеттілік бір рет оған пайдасын тиігізді. 1928 жылы Staphylococcus aureus бактериялары бар Петри кеселеріндегі агарда саңырауқұлақтар колониясы өсіп шыққанын тапқан. Зең айналасында бактериялардың отарлары жасушаларының бұзылуына байланысты мөлдір түстес болған. Флемингу бактериялық жасушаларды жоятын белсенді затты бөліп алып үлгереді, — бұл пенициллин болатын, жұмыс 1929 жылы жарияланды.

Флеминг дәрі алу өте қиын санап, өзінің ашқанын бағаламаған. Оның жұмысын Говард Флори және Эрнст Борис Чейн жалғастырды[1], олар пенициллинді тазартатын әдісті әзірленді. Пенициллин жаппай өндірісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылды.

1945 жылы Флеминг, Флори және Чейн Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

1999 жылы, «Тайм» журналы Флемингті пенициллинді ашқаны үшін ХХ ғасырдың жүз ең маңызды адамдарына жатқызды және айтты:

«Бұл жаңалық тарих барысын өзгертетін болады. Флеминг пенициллин деп аталатын зат, инфекцияға қарсы өте белсенді құрал.»

Осы қосылыстар мүмкіндігі бағаланған соң, пенициллин бактериялық инфекциялар емдеуде кез келген әдістердің ажырамас бөлігіне айналды.

Ғасырдың ортасына, Флеминтың ашқан зат фармацевтикалық өнімдерді өндіруге кең жолға қойылды, оның жасанды синтезі жүзеге асырыла бастады, сифилис, гангрена және туберкулез сияқты ежелгі аурулардың көпшілігін жеңуге көмектесті.

Александр Флеминг 1881 жылы 6 тамызда Эйршир патшалығында Хью Флеминг есімді фермердің және оның екінші әйелі Грейс (Мортон) Флемингтің отбасысында туды. Ол әкесінің балаларынан жетінші болса,анасының балаларынан үшщінші болған. Александр алты жасқа келгенде, әкесі қайтыс болып, анасына ферманы басқару қалды. Оның көмекшісі оның әкесі жағынан үлкен ағасы Томас болатын.

Оның иммунологиядан, ортақ бактериологиядан және химиотерапиядан еңбектері бар. 1922 жылы лизоцимді ашты. 1929 жылы саңырауқұлақтардың бір түрі антибактериалды зат пенициллин бөлетіндіген анықтады. 1945 жылы патолог Хауард Уолтер Флори мен биохимик Эрнст Борис Чейнмен бірге Нобель сыйлығын алды. 1943 жылы Лондон патшалық қауымының мүшесі атанды,1946 жылы Париж ҒА мүшесі болды. Ортақ микробиология қауымының алғашқы президенті.

Соңғы жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1955 жылы Флеминг өзінің Лондондағы үйінде жүрек ақауынан қаза тапты. Оны бір аптадан кейін Әулие Павл соборында жаназалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Karl Grandin, ed. (1945). «Alexander Fleming Biography». Les Prix Nobel. The Nobel Foundation. Retrieved 2008-07-24.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]