Алмұртшөп
Алмұртшөп | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Pyrola asarifolia
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Алмұртшөп (лат. Pyrola) – Көкбұта тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Солт. жарты шарда, негізінен, қоңыржай белдеулерде кездесетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда таулы, орманды жерлерде өсетін 5 түрі бар.
Сұлама тамыры болады (ұзындығы 6 м-дей). Дөңгелек, ұзынша жапырақтары сабақ түбіне топталған. Гүлдері ақ, сирек жасыл не қызыл түсті, сабақ басына салалана шоғырланған. Тостағаншасы бес жапырақты, жемісінде қалады. Күлтесі бес желекті, түсіп қалады. Аталығы 10, тықыр, жіпшелі. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қорапша, тұқымдары ұсақ, көп болады. Дөңгелекжапырақты алмұртшөп (лат. Р. rotundіfolіa) – дәрілік өсімдік, оның кепкен жапырақтарын шай ретінде ішеді. Алмұртшөпті бақтарда әсемдік өсімдік ретінде де өсіреді.
Пироланың кейбір түрлері декорациялық өсімдіктер ретінде өсіріледі.
Пироланың кейбір түрлері:
- Шатырша пирола (лат. Рirola umbellata) — көпжылдық шөптесін өсімдік; бұл көбінесе бұрынғы КСРО-ның еуропалық бөлігінің оңтүстігіндегі ормандарда, Батыс Сібірде, Қиыр Шығыста өседі; мұның жербетіне шыққан бөлімдерін қуықтың тұтылуына қарсы даруға жұмсайды;
- Теңгежапырақ пирола (лат. Pirola rotundifolia) — қылқанды орманды жерде ландышпен араласа өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік.