Амур
Амур | |
---|---|
қыт. | |
![]() Амурдың Хэйхэ қаласындағы жағасы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 2824 км |
Су ағысы | |
Бастауы | Арғұн мен Шилка қосылысы |
• Координаттары | 53°20′00″ с. е. 121°28′53″ ш. б. / 53.33333° с. е. 121.48139° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Татар бұғазы |
• Биіктігі | 0 м |
• Координаттары | 52°59′28″ с. е. 141°02′48″ ш. б. / 52.99111° с. е. 141.04667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°59′28″ с. е. 141°02′48″ ш. б. / 52.99111° с. е. 141.04667° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | ![]() ![]() |
Амур (моңғ. Хара-Мурэн – Қара өзен, қыт. дәст.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]![](https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fa/Amurrivermap.png/220px-Amurrivermap.png)
Өзеннің гидрографиялық желісіне 10 мың өзен және 61426 көл кіреді. Аңғараның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Жоғарғы Амур (ұзындығы 900 км), Орта Амур және Төменгі Амур телімдеріне бөлінеді. Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады. Мұзы көкек–мамыр айларында ериді. Көктемде сең жүру кезінде су деңгейін 15 м биіктікке дейін көтеретін мұзбөгет пайда болады. Кейде күшті нөсерден соң Амурдың орта және төменгі ағысында ені 10-25 км-ге жететін, ұзақтығы 60-70 күнге созылатын су жайылу (басу) құбылысы байқалады.
Амурдың көпжылдық орташа ағыны сағасында 10800 м³/с-ке, ал Хабаровск тұсында 7549 м³/с-ке жетеді. Арнасы ұзына бойына кеме жүруге қолайлы. Басты айлақтары: Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Амурдағы Николаевск.
Амур гидроэнергетикалық ресурстарға бай. Алабындағы кішігірім өзендердің потенциалдық қуаты 45 млн. кВт-қа бағаланса, өнеркәсіптік қуаты 15 млн. кВт. Балықтың 99 түрі бар.