Ақбақай
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ақбақай | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Petasites hybridus
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
|
Ақбақай (лат. Petasites) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Солтүстік жарты шардың орманды белдемдерінде кездесетін 18 түрі белгілі. Қазақстанда өзен-көлдердің құмды жағалауында өсетін 1 түрі – жалған Ақбақай (Petasіtes spurіous) бар. Биіктігі 15 – 50 см, тамыр сабағы бұтақты, сабағын қалың түк басқан. Жапырақтары ірі (ені 60 см болады). Гүлдері ұсақ, білінбейді, масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сүйекше. А-ды халық медицинасында жөтелді, демікпені, жүйке ауруларын емдеуге пайдаланады.[1]