Бақытжан Садықұлы Орманов
Бақытжан Садықұлы Орманов (25.3.1953, Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Байжансай ауылы – 21.3.2001, Астана қаласы) – медицина ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).
Оқу жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алматы мемлекеттік медицина институтын (1976, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының (1982, қазіргі Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) аспирантурасын бітірген.
Жұмыс жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Түркістан облысы Арыс қалалық ауруханасында хирург (1976–1978), Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында доцент (1988); 1998 жылдан Ақмола мемлекеттік медицина академиясында профессор, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ғылыми еңбектер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Спаечная болезнь (профилактика, диагностика и лечение)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
- 60-қа жуық ғылыми жарияланымның авторы.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|