Елшат Жүнісұлы Расулов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Елшат Жүнісұлы Расулов
өзб. Rasulov Elshod Yunusovich
Жалпы мағлұмат
Азаматтығы

 Өзбекстан

Туған күні

7 наурыз 1986 (1986-03-07) (38 жас)

Туған жері

Қоқан, Ферғана облысы, Өзбек КСР

Бойы

185

Марапаттар
Men's Boxing
 Өзбекстан
Әлем чемпионаттары
Күміс Милан 2009 81 кг дейін
Қола Баку 2011 81 кг дейін
Қола Доха 2015 81 кг дейін
Азия чемпионаты
Алтын Ұланбатыр 2007 75 кг дейін
Алтын Чжухай 2009 81 кг дейін
Жазғы Азия ойындары
Алтын Доха 2006 75 кг дейін
Алтын Гуанчжоу 2010 81 кг дейін
Мемлекеттік марапаттары

Мехнат шухрати орденінің иегері

Елшат Жүнісұлы Расулов (өзб. Rasulov Elshod Yunusovich; 7 наурыз 1986, Қоқан, Ферғана облысы, Өзбек КСР) — Өзбек боксшысы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Орта салмақта өнер көрсетеді. Ол жаттықтырушы Нәби Байматовтың жетекшілігімен жаттығады.

2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында Өзбекстан құрамасының ту ұстаушысы болып сайланды.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2004 жылы — жастар арасындағы әлем чемпионы.
  • 2006 жылы — әскери қызметкерлер арасындағы чемпион.
  • 2007 жылғы әлем чемпионатында Нунеске нокаутпен ұтылып, жүлдеге қол жеткізе алмады.
  • Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің екі дүркін чемпионы.
  • 2009 жылы Миланда (Италия) өткен бокстан әлем чемпионаты – күміс медаль. Финалда ресейлік Артур Бетербиевке есе жіберіп алды.
  • 2011 жылы Бакуде (Әзербайжан) өткен бокстан әлем чемпионаты – қола медаль. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтен жеңіліп қалды.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы (2007)
  • «Мехнат Шухрати» ордені (2009)
  • Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2021)[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]