Ертіс ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Ертіс ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Павлодар облысы

Аудан орталығы

Ертіс

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

27

Әкімі

Болатбек Шәріпов[1]

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, №118

Тарихы мен географиясы
Координаттары

53°15′36″ с. е. 74°39′36″ ш. б. / 53.26000° с. е. 74.66000° ш. б. / 53.26000; 74.66000 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°15′36″ с. е. 74°39′36″ ш. б. / 53.26000° с. е. 74.66000° ш. б. / 53.26000; 74.66000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1938 жыл

Жер аумағы

10,2 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

17 007[2] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (54,87 %)
орыстар (27,42 %)
украиндар (7,17 %)
немістер (4,75 %)
беларустар (1,22 %)
татарлар (0,99 %)
молдовандар (0,83 %)
басқалары (2,75 %)[3]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

140500-140517

Автомобиль коды

14

Ертіс ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ертіс ауданы

Ертіс ауданыПавлодар облысының солтүстік-батыс жағында, Ертіс өзенінің сол жағасында орналасқан аудан. 1928 жылы 17 қаңтарда Павлодар округі құрылғаннан кейін тоғыз ауданымен қоса Ертіс ауданы да құрылған. Ауданы 10,2 мың ш. км.

Физикалық–географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Географиялық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан солтүстікте Ресей Федерациясының Омбы облысымен, шығыста облыстың Железин, Тереңкөл аудандарымен, оңтүстікте Ақтоғай ауданымен, батыста Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданымен шектеседі.

Аудан климаты қатал континентальды. Көктем мен күз тұрақты емес, жылыдан суыққа ауысып отыратын температурада қысқа болып келеді. Қаңтардың орташа температурасы −18ºС-қа, шілденің - +20ºС-қа тең. Жауын-шашын көбінесе жазда болады. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері — 250—300 мм. Қар жамылғысының орташа биіктігі қыс соңында 25 см-ге жетеді. Жыл бойы жиі желдер болып тұрады; бұлттылық пен ауа ылғалдылығы басым емес.

Жер бедері мен гидрографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағы Ертіс жазығының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жағалары жыраларға тілімденген көптеген көлдер бар (Қызылқақ, Сілетітеңіз, Тобылғысор және басқалар). Көлдердің көбі ұсақ түрде келетін асқа жарамды тұзы бар көлдер болып келеді. Топырағы қара, сортаң, сонымен қатар сұр, сұрғылт – сары реңктегі құм, супес пен балшық түрінде де келеді. Ауданда Ертіс өзені алқабында орналасқан шығанақты шалғындар бар. Пайдалы қазбалардың ішінде алебастр кезедеседі.

Флора және фауна

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан аумағында бетеге, жусан, терек, үйеңкі, шеңгел, мойыл, итмұрын кездеседі. Қасқыр]], түлкі, қоян, борсық, сарышұнақ, суыр, елік секілді аңдар мекендайді.

1939 1959 1970 1979 1989[4] 1999 2009[5] 2021
 23523 43044 47590 45053 41723 33129 20853 17379

Этникалық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұлттық құрамы (2012 жылдың 1 қаңтарына)

Санның серпінділігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылы халық саны — 19,459 мың адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км² 1,9 адамнан келді.

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

27 елді мекен 11 ауылдық округ пен 1 ауылдық әкімдікке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 985 760 77,2 503 394 78,3 482 366 75,9
Ағашорын ауылдық округі 1525 1124 73,7 745 591 79,3 780 533 68,3
Амангелді ауылдық округі 930 623 67 474 329 69,4 456 294 64,5
Байзақов ауылдық округі 1672 1143 68,4 839 592 70,6 833 551 66,1
Ертіс ауылдық округі 7772 8070 103,8 3686 3925 106,5 4086 4145 101,4
Қарақұдық ауылдық округі 790 518 65,6 370 263 71,1 420 255 60,7
Қоскөл ауылдық округі 960 685 71,4 493 361 73,2 467 324 69,4
Қызылжар ауылдық округі 1580 1381 87,4 747 666 89,2 833 715 85,8
Майқоңыр ауылдық әкімдігі 612 342 55,9 320 188 58,8 292 154 52,7
Панфилов ауылдық округі 1988 1118 56,2 988 578 58,5 1000 540 54
Северный ауылдық округі 1334 929 69,6 694 487 70,2 640 442 69,1
Сілеті ауылдық округі 705 686 97,3 351 367 104,6 354 319 90,1
ЖАЛПЫ САНЫ 20853 17379 83,3 10210 8741 85,6 10643 8638 81,2

Павлодар қаласымен көлік байланысы су жолы арқылы іске асады, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларымен негізгі байланыс түрі – автомобильді көлік.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылшаруашылық мамандандырылуы: бидай шаруашылығы, сүтті мал шаруашылығы. Тары, қаратұмық, күнбағыс өсіріледі, ет, ұсақ тері шикізаты өндіріледі. Ауданда өндірілетін негізгі өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің түрлері: бидай дақылдарын өсіру, сүт және ет өндіру. МАЖС, АЖС саны — 11 Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің саны: Ауыл шаруашылық – 26 Шаруа қожалықтары – 434

Әлеуметтік сала

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Білім беру мен ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылғы оқу жылының басында 4140 оқушысы бар 31 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері, 269 оқушысы бар 1 кәсіби-техникалық мектеп қызмет етті.

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Емдейтін мекемелер саны-35, оның ішінде аурухана, поликлиника, туберкулезге қарсы аурухана.

Клубтар саны - 22, кітапханалар саны - 19, музей - 1. Екі аудандық газеттер бар, олардың біреуі мемлекеттік тілдегі «Ертіс нұры», екіншісі - орыс тілдегі «Иртыш».[7]

Белгілі адамдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Иса Байзақовақын, әнші-композитор.
  2. Каржасов, Қабдыл-Ғалым Насырұлы – суретші, кескіндемеші

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]