Есекмия
Есекмия (лат. Oxytropis glabra) - тықыр кекіре - бұршақ тұқымдасының кекіре туысына жататып көп жылдық шөптесін өсімдік. Есекмия жіңішке сабақты, төселіп немесе өрлеп өседі, ұз. 5 - 70 см, селдір түкті. Қосалқы жапырақтары ортасына дейін бір тұтас, жоғарғы ұштары үшкірленген. Жапырақтарының ұз. 2 - 10 см, жапырақшалары 7 - 12 жұп. Гүлдері қос жынысты, шашақты гүл шоғына топтасқан; тостағаншасы қоңырау тәрізді; күлтесі көк күлгін түсті; аналығы 10 - 12. Бұршақ қаптары сопақтау, ұз. 1 - 2 см, бір ұялы; тұқымдары майда, сопақша келген, қоңыр түсті; Маусым-шілдеде гүлдейді. Орта Азияда, Бат. және Шығ. Сібірде, Моңғолияда кездеседі. Қазақстанда шөлді аймақтар мен биік тау басынан басқа жерлердегі шалғындарда, өзен бойларында өседі. Е. - мал, әсіресе жылқы үшін улы өсімдік. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы