Жанси Батович Кимонко

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жанси Батович Кимонко (1905, желтоқсан, Хабаров өлкесі - 1949) - удэгей кеңес жазушысы, қоғам қайраткері.

Кимонконың жастық шағы жоқшылықпен өтті. Азамат соғысы жылдары Қиыр Шығыста партизандарға көмектесті. Удэгейлерден бірінші білім алушы, тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы. 1934-1936 ж. Ленинград Солтүстік халықтары иснтитутында, Кеңес құрылыстық орталық курсында (1937) оқыды, кейін өз елінде селолық кеңес төарағасы болды. Кимонко - удегей әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Сукпай аққан жерде» (1950), «Орман үстіндегі шапақ» (1948), «Қызыл Ту» (өзі өлген соң 1950 ж. басылды) повестері, т.б. шығармалары бар. «Қызыл Ту» повесі орыс, шетел тілдеріне аударылды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев, 425 бет

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]