Жер сағаты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жер сағаты акцияның таңбасы

Жер сағаты (ағыл. Earth Hour) – Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұйымдастырған наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізілетін бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Шараны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының жаһандық климаттың өзгеру проблемасына назарын аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру[1].

«Жер сағаты» - үйлердің жарығын өшіріп, теледидарлар, компьютерлер мен басқа да тұрмыстық электр құралдарын сөндіруге шақыратын акция. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған аталмыш шараға әлемде 1,3 миллиардтан астам адам, 128 елдің 4616-дан аса қаласы қатысып бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген, сондай-ақ қатысатын қалалар саны күн санап өсуде. Адамдар кеңселер мен тұрғын үйлерде жарықты сөндіру арқылы жер бетіндегі энергияны үнемдеп, климаттың өзгерісіне төтеп беріп, табиғи қоршаған ортаны сақтап қалу үшін өз үлесін қоспақ.

«Жер сағаты» шарасы алғаш рет 2007 жылдың наурыз айында Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының ұсынысымен Сиднейде ұйымдастырылған болатын. Сол жылы бір уақытта Австралия астанасының 2 миллионнан астам тұрғыны мен 2 мыңнан астам мекемелердің жұмысшылары жарықты өшірді. Нәтижесінде Сидней қаласы бір сағаттық энергия шығынын 10,2 пайызға қысқартқан. Ал 2008 жылы бұл іс-шараға бүкіл әлемнің 370 қаласынан 50 миллионнан астам адам қатысқан болатын.[2]

Қазақстандағы ресми елшісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылы Жас актер Тұрар Дауылбеков «Жер сағаты 2010» акциясының ресми елшісі атанды. Ол жаһандық климаттың өзгерісі проблемасына жастардың назарын аудартып, қозғалысты жақтаушылардың қатарына оларды көбірек тартуға шақырды, деп атап көрсетіледі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жер сағаты 2010 Қазақстан

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл бастаманы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қолдап отыр. Қазақстан бойынша 90 қалалары мен елді мекендері акцияға қатыспақ, онын ішінде Астана, Алматы, Орал, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Павлодар, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Өскемен және Семей қалалары да бұл шараға әзірленуде. Астана, Алматы және Ақтау қалалары ресми түрде бұл шараға қатысатындығын жариялаған.

  • Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланың үлкен нысандарын жарықтан ажырату жағын әзірлеуге тапсырма берген. “Жер сағаты” акциясы кезінде “Бәйтерек” монументі жарықсыз қалады, сонымен қатар қаланың жүзден аса нысанында жарық болмайды, оның ішінде “Ақ орда”, Жоғарғы соттың ғимараттары, “Нұр Астана” мешіті, “Қазақ елі” монументі, Конгресс-Холл, Автовокзал, Тәуелсіздік сарайы, Думан және басқа да ғимараттар бар.
  • Алматы әкімі Ахметжан Есімов 372 метрлік Көктөбе мұнарасындағы жарықты, Алматы әкімшілік ғимараты басқа да танымал қалалық нысандардың жарықтарын сөндіруді әзірлеуге тапсырма берді.
  • Ақтау қаласында «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы бастаған акцияға АҚ «НИПИнефтегаз», «Сулпак» сауда үйі, «Абай» мәдениет сарайы, «Кар-тел» (Билайн) ғимараты, «ШУМ» «Қазақстан» сауда үйі қатысып, жарықтарын сөндіруде.

ОЛЬГА ЯРОСЛАВЦЕВА, "ECOIDEA" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ PR-МЕНЕДЖЕРІ: «Біз Қазақстан жұртшылығының назарын климаттың өзгеруі мен қуатты үнемдеп пайдалану мәселесіне аударғымыз келеді. Әсіресе электр қуатын есепсіз пайдаланудан атмосфераға тарайтын қалдық көлемі ұлғайып барады. Қазақстанда қоршаған ортаға әлі дұрыс көңіл бөлінбеуде.»


«АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі аталмыш акцияға қолдау көрсетіп отыр. Біздің елшілік те осы күні көрсетілген уақытта жарығын өшіреді. Сондай-ақ біз «Жер күнін» атап өтуді жоспарлап отырмыз. Елшіліктің волентерлері мен қатысушылары осы күні елорданың орталық саябағын тазалауға атсалысады», - деді АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісінің Мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі Виктория Слоун.


Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.earthhour.org/our-mission
  2. https://www.ipra.org/news/itle/the-story-behind-earth-hour/