Жиын қуаты
Кардинал сан[1] (латынша cardіnalіs – бас, басты) – абстрактылы жиындар теориясының маңызды ұғымы. Кардинал сан жиынды элементтер санының мөлшері тұрғысынан, басқаша айтқанда, оның қуаты тұрғысынан сипаттайды. Кардинал сан шексіз жиын элементтері санының мөлшерін жалпылау болып есептеледі. Мұндай жалпылауда бір шексіз жиынды әр түрлі жолмен реттеуге болады. Сондықтан Кардинал сандардың трансфинитті сандардан (шексіз жиынның реттілік санын жалпылау) өзіндік өзгешелігі бар. Шекті жиындар үшін Кардинал сан трансфинитті санға сәйкес (бірдей болып) келеді әрі ол жиын элементтерінің мөлшеріне тең.
Жиындар қуаты ұғымының маңызы қуаты тең емес шексіз жиындардың болуымен анықталады. Мысалы, берілген М жиынындағы барлық ішкі жиындар жиынының қуаты М жиынының қуатынан үлкен болады.
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — математика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|