Ирландия президенті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ирландия Республикасының президенті
ирл. Uachtarán na hÉireann
ағылш. Presidents of Ireland

Президенттік штандарт

Лауазымды иеленуші
Майкл Дэниел Хиггинс
11 қараша 2011 бастап
Басшылық етеді

 Ирландия

Ресми резиденциясы

Áras an Uachtaráin

Тағайындалды

25 маусым 1938

Өкілеттігінің мерзімі

7 жыл, 2 мерзім

Алғашқысы

Дуглас Росс Хайд

Сайты

president.ie

Ирландия президенті (ирл. Uachtarán na hÉireann, ағылш. Presidents of Ireland) — Ирландия Республикасының мемлекеттік басшысы.

Ирландия конституциясы бойынша, 1937 жылғы референдум (ағыл.) нәтижесінде 1937 жылы 27 желтоқсанда британдық генерал-губернатордың орнына жаңа салтанатты президент лауазымы енгізілген. Алайда Ирландия республикаға айналмай, де-факто британдық монарх Ирдандия Еркін мемлекетінің (ағылш. Irish Free State, ирл. Saorstát Éireann) басшысы болып қала берген. Президент шын мәнінде билікпен бөлінбеген еді[1][2].

Тек қана 1948 жылдың 21 желтоқсанда қол қойылып, 1949 жылы 18 сәуірде заңдық күшінде енген заң (ағыл.) бойынша ел ресми түрде Ирландия Республикасына (ирл. Poblacht na hÉireann, ағылш. Republic of Ireland) айналды. Осы заңға сәйкес, бұрын монархқа тиесілі халықаралық және дипломатиялық функциялар Ирландия президентіне өтті, бұл оның мемлекет басшысы мәртебесін түпкілікті белгіледі. Достастықтың қолданыстағы ережелеріне сәйкес республиканы құру туралы декларация оның мүшелігін автоматты түрде тоқтатты[2].

Конституциялық мәртебесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ирландия президентінің мөрі
Áras an Uachtaráin — президент резиденциясы

Ирландия президенті жалпыхалықтық жасырын дауыс беру арқылы 7 жыл мерзімге сайланады. Президент лауазымын атқарып жатқан немесе бұрын атқарған адам бұл лауазымға қайта сайлануға бір рет үміткер бола алады. Президенттік сайлау алдыңғысының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін тура алпыс күн бұрын өтуі керек, бірақ президент қызметінен немесе отставкаға кеткен жағдайда, немесе ол қайтыс болған, тұрақты қабілетсіз болған жағдайдан кейін сайлау алпыс күн ішінде өтуі керек. Бұл мерзімнің ішінде мемлекетті Бас төрешіден (ағыл.) (ирл. Príomh-Bhreitheamh na hÉireann, ағылш. Chief Justice of Ireland), және Парламенттің (ағыл.) (ирл. Oireachtas, «Эрахтас») екі палатасының төрағаларынан[К 1] тұратын Президенттік комиссия (ағыл.) басқарады. Егер президент лауазымына тек бір кандидат болса, сайлау жүргізілмей, ол автоматты түрде қызметіне өтеді[3].

Майкл ХиггинсМэри Мак-ЭлисМэри  РобинсонПатрик ХиллериКэрролл О’ДэлиЭрскин ЧайлдерсИмон де ВалераШон О’КеллиДуглас Хайд

Әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ireland's Evolving Constitution 1937—1997: Collected Essays — Hart Publishing, 1998. — P. 416. — ISBN 978-1-901-36217-6. (ағыл.)
  • Who's Who, What's what and where in Ireland — Geoffrey Chapman Publishers, 1973. — P. 735. — ISBN 978-0-225-65887-3. (ағыл.)
  • Nohlen, Dieter; Stöver, Philip Elections in Europe: A data handbook — Nomos, 2010. — P. 2070. — ISBN 978-3-8329-5609-7. (ағыл.)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Түсініктеме
  1. Астыңғы, Дойл Эрен (ирл. Dáil Éireann, ағылш. Assembly of Ireland), және жоғарғы, Сенад Эрен (ирл. Seanad Éireann, ағылш. Senate of Ireland).
Сілтемелер
  1. 1937 жылы 29 желтоқсанда қабылданған Ирландия Республикасының конституциясы  (орыс.). НПП Гарант-Сервис. Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 тамыз 2018.(қолжетпейтін сілтеме)
  2. a b Murphy / Twomey, 1998
  3. Article 12.3  (ағыл.) (PDF). Constitution of Ireland. Roinn an Taoisigh (Март 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 тамыз 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 5 тамыз 2012.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Presidents of Ireland