Карл Бенц
Карл Фридрих Михаэл Бенц (герм. Karl Friedrich Michael Benz) (25 қараша 1844 жыл, Мюльбург (Карлсруэ) - 4 сəуір , 1929 жыл Ладенбург) — герман (неміс) авто инженері, бұл саладағы алғашқылардың бірі. Оның 1886 жылы патенттеген "Бенц Патент" моторлы N.1 автомобилін қазіргі заманғы автомобильдің бастамасы деп есептейді. Карл 1886 жылдың 30 қаңтарында өзі ойлап тапқан моторлы көлікке патент алған.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карл Бенц 1844 жылдың 25 қарашасында Карлсруэ қаласының Мюльбург ауданында туған. Карлдың əкесі Георг Иоханн Бенц бу отарбасының машинисті болған. Əкесі ерте қайтыс болып шешесінің тəрбиесінде өседі. Карл 1860 жылы Карлсруэ политехникалық институтына 15 жасында оқуға түседі. Карл онда механик-инженер мамандығымен оқиды. Оның ұстазы Фердинанд Редтенбахер қолынан іс келетін ісмер, əрі ұсталықты қолданбалы математикамен ұштастыруды алғаш бастаған, механикалық инженерия негізін қалаушы болды. Карл 1872 жылы Берта Рингермен үйленеді. 1888 жылы Карлдың əйелі Берта күйеуінің жаңа ғана ойлап тапқан мəшинесімен алғаш жүріп саяхат жасайды. Осы саяхатынан соң Грозхерцог-Бад əкімшілігі əлемдегі ең алғашқы жүргізуші куəлігін 1888 жылдың 1 тамызда Карл Бенцге табыстайды. Осылайша ол əйелі Берта (əйелі қаржылық демеуші болды) екеуі автокөлік өндірісінің негізін қалаушыға айналды. Карл 1914 жылы Карлсруэ техникалық университетінің құрметті докторы атанады. 1929 жылғы 4 көкекте (сәуір) Карл Бенц 84 жасында асқынған ентікпе (бронхит) ауру салдарынан қайтыс болды.
Бенц компаниясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карл Бенц 1871 жылы Манхайм қаласында əйелі екеуі темір құятын өндіріс ашып, соңынан оны Машинаның жұқа қаңылтырын өңдеуші фабрикасы деп атайды. Бұл компания құны қымбатқа түскендіктен демеуші банк оны акционерлік компания болып құрылымдауын талап етеді. Акционерлік компанияда атқарып жатқан жұмысы (өнертапқыш) оның ой арманындағыдай болмағаны үшін компанияны тастап қайтадан жаңа Бенц & Кие (герм. Benz & Cie) деген газ моторлы көлік жасайтын өндіріс ашады. Бұнысы 1900 жылға дейін əлемдегі ең үлкен автокөлік өндірісі саналды. 1903 жылы осы компаниядан да шығып кетеді.
1906 жылы Ладенбург қаласында Карл Бенц Ұлдары атты компанияны ұлдарымен бірге құрды, бұл компания автомобильмен маманданған компания болды. Қазіргі күнде бұл компанияның үйінде Карл Бенцтің автомобиль жеке мұражайы орналасқан.
Оның бəсекелесі өнертапқыш инженер Даймлер Готтлиб жəне Майбах Вилхелм бірігіп Бенц компаниясын тұтатқыш түтігінің патентін ұрлады деп сотқа береді, сот Карлды бұған айыпты деп көреді. Тұтатқыш түтікті моторды тамызғанда керектенеді. 1886 жылы осы іспен сот болады, оған дейін екеуі бір-бірін танымайтын болған. Соттан кейін ол екеуі келісімге келіп бірлесіп жұмыстай бастайды. 1900 жылы Даймлер қайтыс болады. 1926 жылы Бенц & Кие мен Даймлер Готтлиб негізін қалаған Даймлер-Мотор компаниясы бірігіп Даймлер-Бенц акционерлік компаниясы болып жаңадан құрылды.
Техникалық табысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Карл 1878/79 жылы қысымсыз екі тактлы мотор, соңынан жеңіл төрт тактлы мотор ойлап тапқан. Бенц сонымен қатар автомобиль бөлшегі болатын дифференциал жетек, тұтатқыш, бұрушы арқалық, ременмен итеретін алымшы, карбюратор, су салқындатқыш жəне үдеткіш ауыстыратын механизм ойлап тапқан.
Ол алғашқы бензин қозғалтқышты Бенц Патент-Моторваген №1 деген үш доңғалақты, ішкі жанушы қозғалтқышты жəне электр тамызғышты системалы автомобильмен 1885 жылғы жазда Манхайм қаласын аралап жүреді. Бұл мəшинеде итеру басқармалы бір цилиндрлі-төрт тактлы мотор, 250/мин айналымда 0,67 аттың күшін шығаратын қуаты бар еді. Ең жылдамдығы 16 км/сағ болды. Осылайша 1886 жылдың 29 қаңтарында жауапты патенттік ұйымынан Карл Фридрих Бенц өз автомашинасына 37345 деген тіркеу нөмір алып индустрияландыру тарихына жаңа парақ ашады.
Бірақ ол кезде көпшілік Карлдың мəшинесінің "жұмыс аты жоқ, бекер мəшине" деп келекелейтін. Бірде Манхайм қаласының 1886 жылғы бір күнделікті басылымда „мына мəшине зор келешегі бар.., өйткені қолдану үшін көп нəрсенің қажеті жоқ, арзан бағамен ... тасымалдауға болады...“ деп жазады. Карл Бенц өзі де осындай ойда болғандықтан мəшинені үнемі жетілдірумен болады. Соңыра оның ойлап механизмі қазіргі заманғы автобильдің бүкіл сипатын сіңірген жетілген түрге айналды.
Берта 1888 жылы балалары Ойген, Ричарддармен бірге алғаш рет ұзақ қашықтықта саяхат жасап Манхаймнан Пфорцхаймға дейінгі (шамамен 140 км) жерді 12 сағ 57 минутта жүріп өтеді.
1888 жылғы Мюнхен көрмесі, 1889 жылғы Париж көрмесіне қатысып елге танылса да тұтынушы табыла қоймады, адамдар қызықтап көрумен ғана шектелді. Алайда Франция сол кезде ең жақсы жолы бар ел еді, сонысымен де көп кешікпей автомобильдің бүкіл əлемге кеңінен таралу парағы сонда ашылады.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Carl Benz |
- 25 қарашада туғандар
- 1844 жылы туғандар
- Мюльбургте туғандар
- 4 сәуірде қайтыс болғандар
- 1929 жылы қайтыс болғандар
- Ладенбургте қайтыс болғандар
- Карлсруэ технологиялық институты түлектері
- Германия инженерлері
- Германия өнертапқыштары
- Автомобиль құрастырушылар
- Германия құрастырушылары
- Германия машинақұрылысшылары
- Пневмониядан қайтыс болғандар
- Ладенбургте жерленгендер