Киіз үй (Мәмбеев)
|
Сабыр Мәмбеев |
Киіз үй, 1958 |
кенеп пен майлы бояу. 100×140 см |
Мәскеу, Третьяков галереясы |
«Киіз үй», кейде «Киіз үйдің жанында» — Сабыр Мәмбеевтің 1958 жылы салған суреті.
Мұнда суретші социалистік динамизнен гөрі шығысқа тән ақыл пайымдаушылығынан шабыт алғаны байқалады.[1]
Осы және «Тауда» деген екі туындысы 1958 жылы Мәскеуде өткен Қазақ өнерінің онкүндігінде көрсетіліп, одақ көлемінде жоғары бағаланды. Кескіндемеші Сергей Герасимовтың айтуынша, бұл екі шығарма «жарықпен, күнмен, ашық түстермен толықтырылған» және «ұлттық бояуымен қатар өзінің эмоционалдық кейпімен заманауи болып келеді».[2]
Бүгінгі күндері «Киіз үй» суреті Третьяков галереясының жеке жинағында орналасқан. Ал 1962 жылы авторлық қайталау ретінде салынған көшірмесі Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында сақтаулы тұр.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жизнь в двух колесницах — inbusiness.kz, 6.12.2018.
- ↑ Ұлттық болмысты бедерлеген — «Егемен Қазақстан», 19.01.2022.
- ↑ Сабыр Мәмбеев – ел есінде — «Өнер», 7.08.2017.
|