Ктесибий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту



Ктесибий
Κτησίβιος
Дүниеге келгені: б.з.д. II - I ғғ шамасында ?
Александрия?
Қайтыс болғаны: ?
?
Мансабы: ойлап тапқыш,математик

Ктесибий, немесе Ктезибий (грек. Κτησίβιος, әрекет жылдары Б. з. д. 285222 жыл) — Эллинистикалық Мысырдағы Александрияда өмiр сүрген көне грек ойлап тапқышы және математик. Ктесибийді «пневматиканың әкесі» деп санайды. Ол қысылған ауаның серпiмдi күші және оның әуе сорғыларын және басқа механизмдерде (тiптi пневматикалық қаруда) қолдануы туралы алғашқы ғылыми трактаттарды жазды. Пневматика, Гидравлика және ауаның серпiмдiлiк теориясының негiзін қалады. Оның жазбаша жұмыстарының ешқайсысы да сақталмады. Бiз оның зерттеулерi туралы Афиней мәліметтерінен ғана бiлемiз.

Ойлап тапқандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Гидравликалық орган

Мүмкiн, Ктесибий Александрия мұражайының (Муза мұражайы) бiрiншi меңгерушi болды. Оның өмiрi туралы, iс жүзiнде ештеңе белгiлi емес. Ктесибийді шаштаразшы және шаштаразшының ұлы болғаны (Лаэрттік Диоген сөзінен кейін, мүмкін) деп санайды. Шаштаразшы болған кезінде, ол қарсы салмақпен реттелетiн айнаны ойлап шығарды. Басқа ойлап тапқандары: