Кірпіш — жасанды құрылыс материалы. Оны саз және кремнезем жынысынан, өнеркәсіп қалдықтарынан күйдіру (сазды) не автоклавта булау (силикатты) арқылы алады.
Хромомагнезитті кірпіш (Кирпич хромомагнезитовый) — құрамында 8-15 Сг203, 65-75 MgO болатын, отқа төзімділігі 2000°С-тан жоғары кірпіш. Хромомагнезитті кірпіш негіздік және қышқылдық қасиеті бар ортада — химиялық байланыстағы суы кептіріліп, илемділігі жойылғанша, қақтала жабысатындай болып күйдірілген отқа төзімді, балшықтан не каолиннен жасалған қыш. Мартен пештерінің күмбездері мен бүркеншіктерін, болат қорыту пештерінің ішкі қабырғаларын қалау үшін қолданылады
Шамот кірпіш (Кирпич шамотный) — отқа төзімділігі 1320— 1730°С. Шамот кірпіш домна пештерін астарлау, оның ауа қыздырғыштарын қалау, мартен пештерінің қабырғаларын, қож үстағыштарын, төменгі қабаттарын қалау үшін қолданылады.[1]