Көзілдірікті аю

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Көзілдірікті аю
Tremarctos ornatus
Tremarctos ornatus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Аютәрізділер
Екі-есімді атауы
Tremarctos ornatus
F.Cuvier, 1825
Көзілдірікті аюдың мекендейтін ареалы

Көзілдірікті аю[1], (лат. Tremarctos ornatus)  - аю тұқымдастардың жыртқыш сүткөректі аңы. Көзілдірікті аю немесе Анд аюы – Оңтүстік Америкада кездесетін жалғыз аю. Бұлар – ең кішкентай аюлардың бірі.

Биологиялық сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл сабалақ жүнді аңның дене тұрқы 50—180 см, құйрығы — 7—10 см, бойы 75—80 см; салмағы 70 кг дейін (ұрғашысы), 140 кг дейін (еркегі).

Түсі қара немесе қоңыр-қара. Көзінің айналасында ақшыл немесе сарғыш дөңгелек дақтар бар, сол бебепті - көзілдірікті деп атайды.

Биік пальмалардың басына жылдам өрмелеп шыға алатын ептілігі бар. Жапырақтарды жұлып жерге тастай береді, соңынан өзі түсіп жейді. Жемістерді, өсімдік тамырларын, жас бұтақшаларды жақсы көреді.[2]

Оңтүстік Америкадағы таулы ормандар (биіктігі 3000 м) мен үстірттерді мекендейді. Ареалына Венесуэланың батысы, Эквадор, Колумбия, Перу, Боливия шығысы және Панама.

Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Пятиязычный словарь названий животных. Млекопитающие,96 бет
  2. Жануарлар әлемінің үлкен атласы,«Алматыкітап» баспасы. 2000 жыл ISBN 2078-6727
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Tremarctos ornatus

.