Майкл Фарадей
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына сәйкес болу үшін жетілдіру қажет. Осы мақаланы әрі қарай дамытуға көмектесіңіз. |
Майкл Фарадей ағылш. Michael Faraday (22 қыркүйек 1791 — 25 тамыз 1867) — ағылшын физигі, химик және физико-химик. 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердiң отбасында дүниеге келген. Г.Дэвидiң қамқорлығының арқасында Корольдiк ассоциациясына ассистент қызметіне алынды.
1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғалтқыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген – электромагниттiк индукцияны ашты. 1824 жылы Фарадей Корольдiк қоғамының мүшесi болып сайланды, ал 1825 жылы Корольдiк ассоциация зертханасының (лабораториясының) директоры болды. 1833 жылдан Корольдiк институттың химиядан Фуллерлiк профессоры болып 1862 жылға дейiн iстедi.
Фарадейдiң жарияланған лекциялары кең таралды. Үлкен тәжiрибелiк деректерге сүйенiп, Фарадей ол кезде белгiлi электр “түрлерi", “жануардың", “магниттiк", термоэлектрлiк, гальваникалық электрлiк және басқалардың өрнектелетiнiн дәлелдедi. Электр тогының тұздардың, қышқылдардың және басқаларының қоспаларынан өтуi оны электр тогының табиғатын ашуға итермеледi. Зерттеу нәтижесiнде 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңын ашты. 1845 жылы Фарадей жарықтың поляризация жазықтығының магнит өрiсiнде айналу құбылысын (Фарадей эффектiсiн) байқады. Сол жылы диамагнетизмдi ашты, ал 1845 жылы – парамагнетизмдi ашты. Ол бiрнеше ұғымдарды енгiздi – қозғалғыштық (1827ж.), катод, анод, иондар, электролиз, электродтар (1834 ж.); вольтметрдi ойлап тапты (1833ж.). 1830 жылдары өрiс ұғымын ұсынды, 1845 жылы алғаш рет “электромагниттiк өрiс" терминiн пайдаланды, ал 1852 жылы өрiс концепциясының формуласын жазды. Фарадей электр және магнетизмнен негiзгi еңбектерiн Корольдiк қоғамға – Электрден тәжiрибелiк зерттеулер (Experimental Researches in Electricity) – атты баяндамалар сериясы ретiнде тапсырып отырды.
Фарадей 1867 жылы 25 тамызда Хэмптон-Кортта қайтыс болды.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Michael Faraday |
- 22 қыркүйекте туғандар
- 1791 жылы туғандар
- Саутуаркте туғандар
- 25 тамызда қайтыс болғандар
- 1867 жылы қайтыс болғандар
- Хэмптон-кортте қайтыс болғандар
- Pour le Mérite орденінің иегерлері
- Ұлыбритания физиктері
- XIX ғасыр физиктері
- Ұлыбритания химиктері
- XIX ғасыр химиктері
- Ұлыбритания физик-химиктері
- Физикалық өлшем бірліктеріне есімі берілген ғалымдар
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Француз ғылым академиясының мүшелері
- Петербург ғылым академиясының құрметті мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшелері
- Копли медалінің иегерлері
- Машинажасаушылар
- Өздігінен оқығандар
- Румфорд медалінің иегерлері
- Корольдік медаль иегерлері
- Пруссия ғылым академиясының мүшелері
- Леопольдиндер мүшелері
- Мажар ғылым академиясының мүшелері
- Нидерланд корольдік ғылым академиясының мүшелері
- Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері
- Хайгейт зиратында жерленгендер
- Өздігінен үйренген ғалымдар