Максуд Алиханов-Аварский

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алиханов-Аварский Махмуд (туған жылы белгісіз – 1905, Тбилиси) – генерал-майор. Ұлты – лезгин. 1873 жылы Хиуа жорығына Бас штаб атынан жылнамашы офицер болып қатысқан. Полковник Ломакин жасағының құрамында Кендірліден Хиуаға дейін болып, кейіннен бұл туралы «Хиуаға жорық» атты еңбек жазған. Алиханов-Аварский еңбегінде ұрыс қимылдарына қоса қыр елінің тұрмыс-салты, кәсібі, тарихи ескерткіштері туралы да көп мағлұматтар қалдырған. Әскери сот үкімімен әкімшілік жазаға тартылған ол 1880–1881 жылы Ахал-Теке жорығына қатардағы жауынгер ретінде қатысып, Адай жасағының құрамында ерлік көрсетіп, қайтадан офицер атағын алады. 1905 жылы көтеріліс кезінде эсерлердің оғынан қаза тапты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.