Мұрат Мұхтарұлы Әуезов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мұрат Әуезов
Мұрат Мұхтарұлы Әуезов
Туған күні

1 қаңтар 1943 (1943-01-01)

Туған жері

Меркі, Меркі ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР, КСРО

Қайтыс болған күні

14 маусым 2024 (2024-06-14) (81 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан[1]

Азаматтығы

 КСРО Қазақстан

Ұлты

қазақ

Білімі

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Мансабы

мәдениеттанушы, дипломат

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Барыс ордені
Барыс ордені
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
auezov.kz

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов (1 қаңтар 1943 жыл, Мерке кенті, Жамбыл облысы[2]14 маусым 2024 жыл,[3] Алматы[1]) — мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, фиолология ғылымдарының кандидаты (1969), Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (1992–1996), жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың ұлы.

1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысында Мерке кентінде қазақтың жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен Фатима Ғабитованың отбасында дүниеге келді. Қожа руынан шыққан.

1949 жылы әкесі Мұхтар Алматы қаласындағы екі қазақ мектебінің бірі – ұлдарға арналған №18 мектеп-интернатқа апарып, оқытады. Қазақ мектебінде 3 жыл оқып, орыс тілді №39 мектепке ауысады.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Мәскеу қаласында оқып жүрген кезінде, 1963 жылғы 7 қараша күні "Жас тұлпар" ұйымының негізін салады. Ұйым Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенттерінің басын қосып, қазақ мәдениетін, тарихын, тілін, әдебиетін насихаттауды көздеді. "Жас тұлпар" сұрапыл Сталиндік заманнан соң, қазақ жастарының алғашқы ұлттық намысын көрсетуі еді. Ұйым ықпалымен жастар қазақша әуен тыңдай бастап, аты-аңызға айналған "Гүлдер", "Дос-Мұқасан" ансамбльдері құрылды.

КСРО Ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.

Қазақстан Журналистика Академиясының 2007 жылғы 27 ақпандағы жалпы жиналысы арқылы Академияның толық мүшесі болып сайланды (диплом №44; 2007 жылғы 27 ақпан).

2024 жылғы 14 маусымда Әуезов Алматыда қайтыс болды. Онымен қоштасу рәсімі 16 маусымда өтті де, ол Алматы Орталық зиратында, әкесі Мұхтар Әуезовтің қасында жерленді.[1]

1963–1966 жылдарда "Жас тұлпар" ұйымына көшбасшылық етті.

1965–1966 жылдарда КСРО Ғылым академиясының Азия және Африка халықтары институтында зерттеуші болып қызмет етті.

1970–1976 жылдарда Мұрат Әуезов «Эстетика кочевья» ұжымдық монографиясын әзірлеген (1975) философия және құқық институтындағы эстетика тобына жетекшілік етті.

1977–1980 жылдарда Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші;

1980–1982 жылдарда Қазақ КСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының Орталық кеңесінде бөлім меңгерушісі;

1982–1987 жылдарда Қазақфильм киностудиясында бас редактор және көркемдік жетекші болып қызмет атқарды.

1988–1989 жылдарда Қазақстан жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі бас алқасын басқарды.

1989–1990 жылдарда Халықаралық антиядролық "Невада-Семей" қозғалысының Вице-Президенті;

1990–1992 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Халық депутаты, Президиум мүшесі, сыртқы қарым-қатынас пен парламентаралық байланыстар жөніндегі Комитеттің төрағасы болды.

1992–1995 жылдарда Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

1995–1998 жылдарда Мұрат Әуезов Мәдениет проблемалары ғылыми орталығының тарих және мәдениет теориясы бөлімінің меңгерушісі; «Мир» телерадиокомпаниясының Қазақстандағы көркемдік жетекшісі болды.

1996–1999 жылдарда "Азамат" демократиялық партиясының төрағасы;

1998 жылы Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының басшысы;

1998–1999 жылдарда Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің жетекші ғылыми-қызметкері;

1999 жылғы желтоқсаннан «Сорос-Қазақстан» қорының атқарушы директоры, 2002 жылғы шілдеден 2003 жылғы шілдеге дейін қордың президенті.

2003–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры қызметіне тағайындалды.

2003 жылдан бастап Бішкек қаласындағы "Планетарное око" фестивалінің Президенті;

2005 жылғы сәуірден бастап "Алматы мәдениеттанушылар форумының" төрағасы;

2007 жылдан бастап Мұхтар Әуезов қорының Президенті.

  • Қазақстан жазушылар одағының мүшесі;
  • Қазақстан Кинематографияшылар Одағы мүшесі;
  • Қазақстан ПЕН-Клубының мүшесі;
  • ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі;
  • "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының қоғамдық кеңес мүшесі;
  • ЮНЕСКО ісі жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы мүшесі;
  • "Ұлы Жібек жолындағы талқы" үкіметтік емес ұйым мүшесі;
  • ҚР Параламенті Мәжілісі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі;

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекеттік марапаттар

Халықаралық және қоғамдық марапаттар

  • 2003 — "Тарлан" сыйлығының лауреаты ("Ағарту ісіне қосқан үлесі үшін" санатында);
  • 2005 — «Алтын асық» сыйлығының лауреаты, «Алтын Адам-Человек года» фестивалінің арнайы сыйлық лауреаты;
  • 2005 — «Интеллигенция для интеллигенции» номинациясында сыйлық лауреаты;
  • 2005 — Қазақстан журналистика академиясының "Алтын жұлдыз-2005" сыйлығының лауреаты ("Үздік авторлық бағдарлама" номинациясында);
  • ЮНЕСКО қола медалі – Ұлы жібек жолының зерттелуі мен жаңғыруы қосқан үлесі үшін;

Үкіметтік медальдер

  • "Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" медалі (2005);
  • "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" медалі (2006);
  • "Астана 10 жыл" медалі (2008);
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі (2011);
  • "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі (2015);
  • "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі (2015);
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі (2016);
  • "Астана 20 жыл" медалі (2018);
  • "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалі (2020);
  • "Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл" медалі (2020);
  • "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалі (2021);

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Времён связущая нить. Монография. Алматы, «Жазушы» (1972);
  • Иппокрена Хождение к колодцам времен (1997).

Әйелдері:

  • Хорлан Рахiмбек (қызы — Зифа-Алуа Мұратқызы Әуезова)
  • Зәуреш (ұлдары — Мағжан Мұратұлы Әуезов)
  • Тамара

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c Мұрат Әуезовпен қоштасу  (қаз.). Азаттық радиосы (16 маусым 2024). Тексерілді, 16 маусым 2024.
  2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
  3. Қоғам қайраткері, ғалым Мұрат Әуезов қайтыс болды  (қаз.). Азаттық радиосы (14 маусым 2024). Тексерілді, 14 маусым 2024.