Олег Владимирович Блохин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Олег Блохин Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Олег Владимирович Блохин

Туған күні

5 қараша 1952 (1952-11-05) (71 жас)

Туған жері

Киев, Украина КСР, КСРО

Азаматтығы

КСРО КСРО
Украина Украина

Бойы

181

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьресасын аяқтады

Жастар клубы
1962—1969 КСРО Динамо (Киев)
Клуб карьерасы[* 1]
1969—1988 КСРО Динамо (Киев) 432 (215)
1988—1989 Аустрия Форвертс (Штайр) 41 (9)
1989—1990 Кипр Арис (Лимасол) 22 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
1972—1976 КСРО КСРО (олимп) 12 (9)
1972—1988 КСРО КСРО 112 (42)
Бапкерлік карьерасы
1990—1993 Грекия Олимпиакос (Пирей)
1993—1994 Грекия ПАОК
1994—1997 Грекия Ионикос
1997—1998 Грекия ПАОК
1998—1999 Грекия АЕК (Афина)
1999—2002 Грекия Ионикос
2003—2007  Украина
2008 Ресей Мәскеу
2011—2012  Украина
2012—2014 Украина Динамо (Киев)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Олег Владимирович Блохин (укр. Олег Володимирович Блохін; 5 қараша 1952 жыл, Киев, Украина КСР, КСРО) — кеңес футболшысы, шабуылшы. Кеңестік футбол тарихындағы көптеген рекордтардың иесі. Футболшы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлікті қолға алды.

Кеңес футболы тарихындағы ең үздік теңбілдоп шеберлерінің бірі. 1975 жылғы «Алтын Доп» иегері. 1972 жылы халықаралық дейгейдегі спорт шебері атағын алды. 1975 жылы КСРО Еңбек сіңірген спорт шебері атанды. 2005 жылы Украинаның еңбек сіңірген бапкері атағын иеленді. КСРО-ның жеті дүркін чемпионы, КСРО Кубогының бес дүркін иегері, УЕФА Кубоктары Кубогының екі мәрте иегері. КСРО футбол құрамасының қатысқан ойындар саны мен, соғылған голдар есебінен рекордшы. «Алтын Допты» иеленген Кеңес Одағының үш футболшысының қатарында. «Григорий Федотов клубы үшін 200 гол соққан» тұңғыш футболшы. 2010 жылдың күзіндегі мәлімет бойынша « Григорий Федотов Клубы үшін 300 гол» межесін бағындырған жалғыз футболшы. 19 жыл бір команда үшін өнер көрсеткен футболшы. 1990 жылы футбол карьерасын аяқтады.

Олег Блохин Кеңес Одағы чемпионатында 432 ойын өткізіп, 211 гол соққан. Бұл қайталанбас рекорд . 400-шы голды 1986 жылдың тамызында Алматыда «Қайраттың» қақпасына соққан.

Бұдан бөлек КСРО құрамасының сапында 112 рет ойнап, қарсыластар қақпасына 42 доп тоғытқан. Бұл көрсеткіштердің екеуі де күні кешеге дейін посткеңестік кеңістікте рекорд саналып келді.

Кеңестік дәуір кезінде кеңінен танымал болған Юрий Рыбчинскийдың сөзіне жазылған Геннадий Татарченконың «Виват, король!»әні осы Олег Блохинге арналып шығарылған. Оның ерлігі мен өшпес ізін мадақтау мақсатында.

О.Блохин 1990 -2002 жылдары Грекия футбол клубтарын жаттықтырды. 2003-2007 жжылдары, 2011 жылдың көктемінен 2012 жылдың күзіне дейін Украина құрама командасының бас бапкері қызметін атқарды. О.Блохинның арқасында ел құрамасы 2006 жылғы әлем біріншілігінде ширек финалға өткен. Украина құрама командасы тарихында тұңғыш рет әлем футбол командаларының ұздік сегіздігінен көрінді.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олег Блохин өмірінде тұңғыш голын 1973 жылы 15 наурызда Севастополь қаласында Харьковтық «Металлист»-пен «Динамо»-ның өткізген кездесуінде соққан болатын. Ойынның 67 минутында қарсыластар қақпасына гол соқты. КСРО чемпионатындағы өзінің алғаш голын Олег Блохин 1972 жылы 15 сәуірде Киевте «Динамо»-«Днепр» матчында соқты. Ойын 2:1 есебімен О.Блохин командасының жеңісімен аяқталды.

Өзінің 200-інші голын 1985 жылы 21 тамызда Харьков қаласында өткен ойында салған.

Саясатқа араласуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Олег Блохин кеңестік дәуірден кейінгі уақытта бапкерлікпен бірге қоғамдық саяси өмірге де белсенді араласа бастады. Украинаның Жоғарғы Радасына екі мәрте депутат болып сайланды. 2001 жылы Украинаның коммунистік партиясының құрамына енді. Кейіннен Социал-демократиялық партия фракциясына өтіп, 2003 жылы саяси кеңесінің мүшесі атанды.

Әкесі - Владимир Иванович Блохин (1922—2013жж), ұлты орыс, атақты кеңес тпринтері болған ҰОС ардагері, ІІМ офицері. Анасы — Екатерина Захаровна Адаменко (1918—2012жж) украиндық,Киев құрылыс институтында декан орынбасары болған.

Олег Блохинның бірінші әйелі — Ирина Дерюгина, көркем гинастикадан әлем чемпионы. Ортақ қызы Ирина Блохина 1983 жылғы. Екінші әйелі - Анжела. Ортақ қыздары Анна мен Екатерина.

Ұлттық құрамада

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барлығы 112 матч, 42 гол соққан, 63 жеңіс, 25 тең түсу жағдайы, 24 жеңіліс тапты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Футболшы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • КСРО Чемпионы (7 жыл қатарынан — рекорд) 1974ж, 1975ж, 1977ж, 1980ж, 1981ж, 1985ж, 1986ж.
  • КСРО Кубогының иегері (5 мәрте): 1974ж, 1978ж, 1982ж, 1985ж, 1987ж.
  • УЕФА Кубогы иегерлерінің Кубогы 1974/75жж және 1985/86жж.
  • УЕФА Суперкубогының иегері 1975ж.
  • Ең үздік футболшы атағы (1973—1975жж), екінші үздік футболшы атағы (1977ж, 1978ж, 1980ж және 1981ж) және үшінші үздік футболшы атағы (1976 және 1986 жж)
  • «Футбол» апталық газетінің сауалнамасы негізінде «Алтын Доп» иегері (Еуропаның ең үздік футболшысы) 1975 жылы.
  • КСРО олимпиада құрамасы үшін 12 матч өткізіп, 9 гол салды.
  • Олимпиада ойындарының қола жүлдегері 1972ж, 1976ж.
  • Әлем чемпионаттарына қатысушы 1982, 1986 жж.
  • КСРО–ның 33 үздік футболшысы тізіміне 15 мәрте енгізілді. Оның ішінде нөмірі бірінші орнымен (1972—1982жж, 1985ж, 1986ж) — 13 рет (рекорд), № 2 (1983ж, 1984ж).
  • КСРО чемпионатында, тарихта тұңғыш рет бәрінен көп 211 гол салып, 432 матч өткізді.

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ұлттық құраманың үздік бапкері
  • 2005 — 10 орын
  • 2006 — 8 орын
  • 2012 — 15 орын
  • Украина біріншілігінің қола жүлдегері : 2012/13жж

Марапаттары.

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2002 жылы Нестор Летописец Орденімен,
  • 1992 жылы «Ерен Еңбегі үшін» ІІІ дәрежелі, 2004 жылы ІІ дәрежелі, 2011 жылы І дәрежелі Орден иегері атанды.
  • 2006 жылы князь Ярослав Мудрыйдың V дәрежелі орденімен ,
  • 2012 жылы князь Ярослав Мудрыйдың ІV дәрежелі орденімен марапатталды.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]