Протеус (серік)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/83/Proteus_%28Voyager_2%29.jpg/220px-Proteus_%28Voyager_2%29.jpg)
Протеус (көне грекше: Πρωτεύς) – Нептунның екінші үлкен серігі. Бұл – қараңғы қалыпсыз пішінді дене. Оны 1989 жылы америкалық астроном Стефен Синнотт «Вояджер 2» ғарыш кемесінің Нептунды зерттеу мақсатында ұшуы барысында түсірген суреттерден байқады. Протеустың диаметрі – 402 км, ол Нептун ғаламшарын 92 859 км қашықтықтан айналып жүреді. Оның планетаны айналып шығуына – 26 сағ 54 минут кетеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ғалам Энциклопедиясы, 43 бет Ғаламшарлар бөлімі