Роберт Джонсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Роберт Джонсон
ағылш. Robert Johnson
Туған кездегі есімі

Роберт Лерой Джонсон

Толық аты

ағылш. Robert Johnson

Туған күні

8 мамыр 1911 (1911-05-08)

Туған жері

Хазлзурст, Миссисипи (штат), АҚШ

Қайтыс болған күні

16 тамыз 1938 (1938-08-16) (27 жас)

Қайтыс болған жері

Гринвуд (Миссисипи),

Белсенділік жылдары

1929—1938

Мемлекет

 АҚШ

Мамандықтары

музыкант, әнші

Аспаптары
  • гитара
  • вокал
  • гармоника
Жанрлары

дельта-блюз, кантри-блюз

Лейблдері

Vocalion Records

robertjohnsonbluesfoundation.org
Роберт Джонсон

Роберт Лерой Джонсон (ағылш. Robert Leroy Johnson; 8 мамыр 1911, Хазлзурст, Миссисипи16 тамыз 1938, Гринвуд, Миссисипи) – америкалық блюз музыканты және ән авторы, ХХ ғасырдың ең танымал блюзмендерінің бірі.

Оның 1936 және 1937 жылдардағы маңызды жазбалары музыканттардың кейінгі ұрпақтарына әсер ететін әншілік, гитара шеберлігі мен ән жазу талантының үйлесімін көрсетеді. Оның музыкалық мансабы небәрі жеті айға созылғанымен, ол блюз, әсіресе дельта блюз стилінің шебері және 20 ғасырдың ең ықпалды музыканттарының бірі ретінде танылды. Рок-н-ролл даңқ залы оны «тарихтағы алғашқы рок-жұлдыз» деп атайды.[1] 2003 жылы Rolling Stone журналы Роберт Джонсонды «барлық уақыттағы ең ұлы 100 гитарист» тізімінде бесінші орынға орналастырды.

Джонсонның нашар құжатталған өмірі мен өлімі аңыздарды тудырды. Ол көбінесе музыкалық табысқа айырбас ретінде жергілікті жол айрығында өз жанын шайтанға сатумен байланысты. Ол «Табиғаттан тыс» (ағылш. Supernatural) сериал эпизодының кейіпкері.

Дискография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1959 — The Country Blues
  • 1961 — King of the Delta Blues Singers
  • 1970 — King of the Delta Blues Singers, Vol. II
  • 1990 — The Complete Recordings

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]