Роберт Уайз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Роберт Уайз
ағылш. Robert Wise
Сурет
Роберт Уайз (1990)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Роберт Эрл Уайз

Туған күні

10 қыркүйек 1914 (1914-09-10)

Туған жері

Винчестер, Индиана

Қайтыс болған күні

14 қыркүйек 2005 (2005-09-14) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
кинопродюсер
киномонтажёр

Белсенді жылдары

1942—2003

Марапаттары

«Оскар» (1962 – екі мәрте, 1966 – екі мәрте)
«Алтын глобус» (1961, 1965)

IMDb

ID 0828419

Роберт Эрл Уайз (ағылш. Robert Earl Wise; 10 қыркүйек 1914(19140910), Винчестер, Индиана14 қыркүйек 2015, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — американдық кинорежиссёр, кинопродюсер және монтажёр. Уайз «Вестсайд хикаясы» (1961) және «Музыка дыбысы» (1965) үшін төрт «Оскар» алды, бұл фильмдердің әрқайсысы оған «Үздік режиссер» және «Үздік фильм» номинациялар бойынша екі сыйлықтан әкелді. Сонымен қатар, Уайз монтажёр ретінде «Азамат Кейн» (1941) фильмі үшін «Оскардың» «үздік монтаж» номинациясына ие болды,.

Уайз өз жұмысында тыңғылықты дайындықпен, қатаң тәртіппен, ұйымшылдығымен және белгіленген бюджет аясында ең жақсы нәтижеге жетуге ұмтылуымен ерекшеленді. Уайз жұмысының ерекшелігі оның табысқа жеткен жанрларының алуан түрлілігі болды; оның ең жақсы фильмдерінің ішінде қорқынышты фильмдер, нуар фильмдер, вестерн, әскери фильмдер, ғылыми-фантастикалық фильмдер, мюзиклдер мен мелодрамалар бар. Оның кейбір картиналары өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерді, соның ішінде соғысқа және отаршылдыққа қарсы тақырыптарды, нәсілдік қатынастар тақырыптарын, босқындар проблемаларын, көшедегі қылмысты, әйелдердің қоғамдағы жағдайын, сондай-ақ өлім жазасына деген көзқарасты қарастырады.

1971 жылдан 1975 жылға дейін Уайз Америка режиссерлер гильдиясының президенті және 1985 жылдан 1988 жылға дейін Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясының президенті қызметін атқарды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]