Ромео және Джульетта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ф.М.Браунның 1870 жылы салған суретіндегі трагедияның бас кейіпкерлері

«Ромео және Джульетта»Уильям Шекспирдің әйгілі трагедиясы.

Бұл пьеса алғаш рет 1595 –1597 жылдары аралығында сахнаға қойылды.

Кейіпкерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ЭскалВерона князі.
Граф Парис — жас жігіт, князьдің туысы.
Монтекки мен Капулетти — өштескен екі әулеттің басшылары.
Ромео — Монтеккидің ұлы.
Меркуцио — князьдің туысы, Ромеоның досы.
Бенволио — Монтеккидің немере інісі.
Тибальт — леди Капулеттидің немере інісі.

Лоренцо пірәдар, Джовашш пірәдар — францискалық монахтар.
Балтазар — Ромеоның қызметшісі.
Самсон, Грегорио — Капулеттидің қызметшілері.
Петр — Джульеттаның асыраушысының қызметшісі.
Абрам — Монтеккидің қызметшісі.
Дәрмекші.
Үш музыкант.
Паристің қызметшісі.

Бірінші тұрғын.
Монтекки ханым — Монтеккидің әйелі.
Капулетти ханым — Капулеттидің әйелі.
Джульетта — Капулеттидің қызы.

Джульеттаның асыраушысы.

Қысқаша сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Уыздай екі жас Ромео мен Джульетта бір-біріне өлердей ғашық. Олардың бұл сезімі ежелден жау екі әулет Монтекки мен Капулеттилердің қарсылығына ұшырап, жастардың қалайда үйленбек талпыныстары ақыры қайғы-қасіретпен аяқталады.

Екі жастың жас ерекшеліктері мен шыққан отбасыларына қарамастан, олар бір-бірін алғаш Монтекки үйінде орын алған мереке, балда кездестіріп, бір көргеннен бір-біріне ғашық болады. Бұл оқиғадан соң Ромео түнде Джульеттаның терезесінің астында тұрып, оның өзіне деген сезімдері мен онымен бірге болуды қалайтындығы туралы ойларын естіп, өзінің де оған ғашық екендігі жайында айтады. Кейін екі ғашық бір-біріне махаббат пен адалдық антын беріп, қоштасады. Осы түні Ромео өз үйіне қайтпастан Лоренцо пірәдарға барып, оның өзін Джульеттамен некелестіруін сұрайды. Лоренцо пірәдар алғашқыда бұл сөздерге қарсылық білдіргенімен, кейін екі жастың некесі осыншама уақыт бойы жау болып келе жатқан екі әулет, Монтекки мен Капулеттиді татуластырады деп санап, оларды басқалардан жасырын түрде некелестіреді.

Ромео мен Джульеттаның некелескен күні Меркуцио мен Тибальттің арасында жекпе-жек орын алып, оның нәтижесінде Тибальт Меркуционы ауыр жаралап, Ромеоның досы қаза табады. Бұл жайттан соң басты кейіпкер ызаланып, ашу үстінде Тибальтті жаралап алғандықтан, Тибальт та қаза табады. Бұл соқтығыстың себебі мен нәтижесі жайында Бенволиодан сұрастырып, ақпарат алған Верона князі Ромеоны Веронада қалдырмай, жаза ретінде Мантуяға аттандырады. Ал ағасының өлімі мен Ромеоның қаладан кеткендігі жайында естіген Джульетта ағасының өліміне аса қайғырмағанымен, Ромеоның Мантуяға жіберілгендігі туралы жаңалықтың әсерінен нашар күй кешеді. Қыздың мұндай халде отырған уақытында Лоренцо пірәдар Ромеоны жұбатып, оған Мантуяда уақытша жасырына тұруға кеңес береді. Лоренцоның сөздерінен соң Ромео Джульеттамен түні бойы сөйлесіп, таң ата салысымен өзге қалаға аттанады.

Ромео Мантуяға аттанғаннан соң таңертең Джульеттаның анасы, Капулетти ханым қызының бөлмесіне келіп, оның бейсенбі күні Парис атты графқа тұрмысқа шығатындығы жайында айтады. Джульетта қарсылық танытуға тырысқанымен, оның анасы да, әкесі де өз қыздарының сөздеріне құлақ аспай, барлығы алдын-ала шешіліп қойғандығын айтып, кетіп қалады. Бұл жаңалықтан соң Джульетта өзінің Ромеомен некелескендігі жайында хабардар асыраушысының көмегіне жүгінеді. Ал асыраушы, өз кезегінде, Паристі мақтап, Ромеоның бұл адаммен тіпті салыстыруға келмейтіндігі жайында айтып, Джульеттаға екінші рет тұрмыс құруға кеңес береді. Бұл сөздермен іштей келіспеген қыз, тіпті, у ішуге де дайын болды. Алайда, кейін ол Лоренцо пірәдардың кеңесіне сүйеніп, арнайы сусынды ішеді. Бұл әрекеттің нәтижесінде қыз Парис пен музыканттар Капулетти үйіне келіп, граф пен Джульетта неке қиюы қажет болған күні құдды бір өлі адамдай жатады: оның тамырларындағы қан тоқтап, ол 42 сағат бойы дем алмай жатты. Қызды мұндай күйде көрген адамдар оны өлі деп таниды.

Арнайы жоспар жайында Ромеоны хабардар еткісі келген Лоренцо пірәдар жігітке хат жазып, Мантуяға шабарман жібереді. Алайда, Лоренцоның шабарманы оба індетіне байланысты хатты оған жеткізе алмай қалады. Осы арада Ромео Джульеттаның өлімі жайында естіп, Веронаға Балтазармен бірге аттанады. Джульеттаның қабірінің жанында ол Париспен туған ұрыстың нәтижесінде графты өлтіріп, өзі у ішіп, сүйіктісінің қабірінің жанында қаза табады. Оның бұл әрекетінен соң Джульетта өзінің 42 сағаттық қалың ұйқысынан оянып, Ромеоның өлі денесін көріп, өзіне қол жұмсайды. Бірнеше уақыттан соң үш адамның өмірі бірге аяқталған қабірдің алдында Капулетти, Монтекки үйлерінің өкілдері мен Веронаның князі жиналып, олардан бұрын келгенімен, жастардың әрекеттерінің алдын ала алмаған Лоренцо пірәдар оларға бүкіл жағдайды түсіндіріп береді. Осыдан соң өз балаларының мәйіттерінің жанында Капулетти мен Монтекки өз араздықтары жайында ұмытып, татуласады.

1900 — «Ромео және Джульетта» (Франция), режиссёрі Клеман Морис, Ромео — Эмилио Коссира
1902 — «Ромео және Джульетта» (Франция), режиссёрі Жорж Мельес
1908 — «Ромео және Джульетта» (Италия), режиссёрі Марио Казерини, Ромео — Марио Казерини, Джульетта — Мария Казерини
1908 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёрі Стюарт Блэктон, Ромео — Пол Панцер, Джульетта — Флоренс Лоуренс
1908 — «Ромео және Джульетта» (Ұлыбритания), Ромео — Годфри Тирп, Джульетта — Мэри Мэлоун
1911 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёрі Бэрри О’Нил, Ромео — Джордж Лесси, Джульетта — Джулия М. Тейлор
1912 — «Ромео және Джульетта» (Италия), режиссёрі Уго Фалена, Ромео — Густаво Серена, Джульетта — Франческа Бертини
1916 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёрлар Френсис Бушмен и Джон Ноубл, Ромео — Френсис Бушмен, Джульетта — Беверли Бэйн
1916 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёрі Гордон Дж. Эдвардс, Ромео — Гарри Хиллиард, Джульетта — Теда Бара
1918 — «Джульетта және Ромео» (АҚШ), режиссёрі Эмилио Грациани-Вальтер
1924 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёры Регги Моррис, Гарри Свит, Ромео — Билли Беван, Джульетта — Эллис Дай
1936 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ,Ұлыбритания), режиссёр Джордж Кьюкор, Ромео — Лесли Говард, Джульетта — Норма Ширер
1939 — «Ромео және Джульетта» (Испания), режиссёр Хосе Мария Кастельви
1943 — «Ромео және Джульетта» (Мексика) режиссёр Мигель Мелитон Дельгадо , Ромео — Кантинфлас, Джульетта — Мария Елена Маркес
1947 — «Ромео және Джульетта» (Үнді), режиссёр Ахтар Хуссейн, Ромео — Анвар Хуссейн, Джульетта — Наргис
1951 — «Ромео және Джульетта» (Филиппины)
1954 — «Ромео және Джульетта» (Ұлыбритания, Италия), режиссёр Ренато Кастеллани, Ромео — Лоуренс Харви, Джульетта — Сюзан Шенталь
1954 — «Ромео және Джульетта» (КСРО) (фильм-балет) музыка — Сергей Прокофьев, режиссёры Лев Арнштам, Леонид Лавровский, Ромео — Юрий Жданов, Джульетта — Галина Уланова
1955 — «Ромео және Джульетта» (ТВ) (Ұлыбритания), режиссёр Харольд Клэйтон, Ромео — Тони Бриттон, Джульетта — Вирджиния Маккенна
1964 — «Ромео және Джульетта», (Италия, Испания) режиссёр Риккардо Фреда, Ромео — Джеронимо Меньер, Джульетта — Розмари Декстер
1965 — «Ромео и Джульетта», (Ұлыбритания) режиссёры Вэл Драмм, Пол Ли, Ромео — Клайв Фрэнсис, Джульетта — Анджелла Скулар
1966 — «Ромео және Джульетта», (Ұлыбритания) (фильм-балет), музыка — Сергей Прокофьев, режиссёр Пауль Циннер, Ромео — Рудольф Нуриев, Джульетта — Марго Фонтейн
1966 — «Ромео және Джульетта», (Аргентина) Режиссёр Мария Эрминия Авельянеда, Ромео — Родольфо Бебан, Джульетта — Эванхелина Саласар
1968 — «Ромео және Джульетта»[4], режиссёр Франко Дзеффирелли, Ромео — Леонард Уайтинг, Джульетта — Оливия Хасси
1976 — «Ромео және Джульетта» (Ұлыбритания) (ТВ) режиссёр Joan Kemp-Welch, Ромео — Кристофер Ним, Джульетта — Энн Хассон
1976 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ) (фильм-балет) (ТВ), музыка Сергей Прокофьев, режиссёр Джон Вернон, Ромео — Михаил Лавровский, Джульетта — Наталья Бессмертнова
1978 — «Ромео және Джульетта» (Ұлыбритания) (BBC) (ТВ) режиссёр Элвин Ракофф, Ромео — Патрик Райкарт, Джульетта — Ребекка Шеир, няня Джульетты — Селия Джонсон, Тибальт — Алан Рикман, Джон Гилгуд мәтін оқушы
1980 — «Ромео және Джульетта» (Бразилия), режиссёр Паоло Алонсо Грисолли, Ромео — Фабио Жуниор, Джульетта — Луселия Сантус
1981 — «Ромео және Джульетта» (Аргентина) (ТВ), Ромео — Даниэль Фанего, Джульетта — Андреа Дель Бока
1982 — «Ромео және Джульетта» (Италия) (фильм-балет) (ТВ), музыка Сергей Прокофьев, Ромео — Рудольф Нуреев, Джульетта — Карла Фраччи
1982 — «Ромео және Джульетта» (Франция) (фильм-опера), музыка Шарль Гуно режиссёр Ив-Андре Юбер, Ромео — Нил Шикоф, Джульетта — Барбара Хендрикс.
1982 — «Трагедия Ромео және Джульетты» (АҚШ), режиссёр Уильям Вудман, Ромео — Алекс Хайд-Вайт, Джульетта — Бланш Бэйкер
1983 — «Ромео және Джульетта» (КСРО) (ТВ), режиссёр Анатолий Эфрос, Ромео — Александр Михайлов, Джульетта — Ольга Сирина, леди Капулетти — Ольга Барнет, Капулетти — Валентин Гафт, Тибальд — Леонид Каюров, Меркуцио — Владимир Симонов, Монтекки — Александр Филиппенко, Лоренцо ағасы— Александр Трофимов, Абрам — Евгений Дворжецкий, Пётр — Сергей Газаров, Самсон — Алексей Весёлкин
1984 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ, Ұлыбритания) (фильм-балет) (ТВ), музыка Сергей Прокофьев, Ромео — Уэйн Иглинг, Джульетта — Алессандра Ферри
1990 — «Ромео және Джульетта» (Португалия), (ТВ)
1990 — «Ромео жәнеДжульетта» (Бельгия), (музыкалық), режиссёр Армандо Акоста, Ромео — Роберт Пауэлл, Джульетта — Франческа Аннис, Меркуцио — Джон Хёрт, мама Капулетти — Ванесса Редгрейв, папа Капулетти — Бен Кингсли, Розалина — Мэгги Смит
1993 — «Ромео және Джульетта» (Канада) (ТВ), режиссёр Норман Кэмпбелл, Ромео — Антони Симолино, Джульетта — Меган Фоллоуз, Меркуцио — Колм Фиори, Бенволио — Пол Миллер
1994 — «Ромео және Джульетта» (Ұлыбритания) (фильм-опера), музыка Шарль Гуно, режиссёр Брайан Лардж, Ромео — Роберто Аланья, Джульетта — Леонтина Вадува
1994 — «Ромео және Джульетта» Режиссёр Алан Хоррокс, Ромео — Джонатан Фёрт, Джульетта — Джеральдин Сомервилль, Тибальт — Алексис Денисоф, Капулетти — Джон Неттлз
1996 — «Ромео + Джульетта», режиссёр Баз Лурманн, Ромео — Леонардо Ди Каприо, Джульетта — Клэр Дэйнс
1996 — «Тромео және Джульетта», режиссёр Ллойд Кауфман
1996 — «Ромео және Джульетта» (Швеция), режиссёр Александр Ёберг, Ромео — Якоб Эрикссон, Джульетта — Гунилла Йоханссон
2000 — «Ромео және Джульетта» (Италия) (фильм-балет) (ТВ), музыка Сергей Прокофьев, режиссёр Тина Протасони, Ромео — Анхель Корелла, Джульетта — Алессандра Ферри
2000 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ), режиссёр Колин Кокс, Ромео — Кел Митчел, Джульетта — Фран Де Леон
2002 — «Ромео және Джульетта» (Франция) (мюзикл), режиссёры Redha, Жилль Амаду, Ромео — Дамьен Сарг, Джульетта — Сесилия Кара
2002 — «Ромео және Джульетта» (Канада) (фильм-опера) (ТВ) музыка Шарль Гуно, режиссёр Барбара Уиллис Свит, Ромео — Роберто Аланья, Джульетта — Анджела Георгиу (Аланья и Георгиу — муж и жена)
2006 — Ромео және Джульетта, режиссёр Бахромаъ Якубов, Узбекистан
2007 — «Romeo x Juliet» (ロミオ×ジュリエット), режиссёр Ойсаки Фумитоси
2009 «Ромео және Джульетта» (Хорватия), режиссёр Иван Перич, Ромео — Тони Ринковеч, Джульетта — Тони Доротич
2011 — «Гномео және Джульетта»
2013 — «Ромео және Джульетта» (АҚШ, Италия), режиссёр Карло Карлей, Ромео — Дуглас Бут, Джульетта — Хейли Стейнфилд

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]