Саламалейкум

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Саламалейкум

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Қияқөлеңдер тұқымдасы
Тегі: Cyperus
Түрі: C. rotundus
Екі-есімді атауы
Cyperus rotundus
L.

Саламалейкум (ағылш. Cyperus rotundus) - Қияқөлеңдер тұқымдасының (лат. Cyperаceae) көпжылдық шөптес өсімдігі.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 15-50 см, көп жылдық өсімдік, топырақ асты өркені тамыр түйнек тәрізді жуан.

Сабағы дара, үш қырлы, түп жағы шоғыр жапырақты. Жапырағы ұзынша, беті тегіс, сабағынан екі есе қысқа, ені 2,5 мм.

Гүл шоғы шатырша тәрізді, маусым-қыркүйекте гүлдейді. Жаңғақшасы үш қырлы сұрғылт-қоңыр, ұзындығы 1,5 мм.


Саламалейкум Жерорта теңізі аймағында, Кіші Азия, Африка,Үндістан, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Кавказ, Орта Азия, Қазақстанда (Қызылорда облысы, Түркістан маңында, Қаратауда, Батыс Тянь-Шаньда) таралған. Құмда, өзен бойында, мақта, күріш, егістігінде өседі[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,9 том, 621 бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cyperus rotundus