Сантьяго Бернабеу (стадион)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сантьяго Бернабеу

4-ші санаттағы УЕФА стадионы
4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан4 4 жұлдыздан

Шынайы атауы

ис. Estadio Santiago Bernabéu

Бұрынғы атаулары

«Нуэво Эстадио Чамартин» (1955 дейін)

Орналасуы

Мадрид, Испания

Қаланғаны

1944

Салынған

1947

Ашылған

14 желтоқсан 1947

Жаңартылған

1982, 2001, 2021

Құрылыс құны

288 млн. песета (1,7 млн )

Сәулетші

Муньос Монастерио, Алеман Солер

Иесі

Реал Мадрид

Сыйымдылығы

81 044[1]

Команда

Реал Мадрид (1947– қазірге дейін)
, Испания құрамасы (1947– қазірге дейін)

Алаңның өлшемі

105x68 м

Сайты

https://www.realmadrid.com/

Сантьяго Бернабеу (стадион) (Испания)

«Сантьяго Бернабеу» (ис. Estadio Santiago Bernabéu) — Испания астанасы Мадридте орналасқан футбол стадионы. Реал Мадрид футбол клубының жергілікті алаңы болып табылады. Кейде Испания Ұлттық футбол құрамасының ойындары өткізіледі.

Стадион УЕФА-ның ең жоғарғы 4-ші категориясына ие. Үлкендігі бойынша «Камп Ноудан» кейін Испаниядағы екінші стадион,

«Сантьяго Бернабеу» Камартин ауданындағы Паса де ла Кастельяна көшесінде орналасқан. Concha Espina, Padre Damián, және Rafael Salgado көшелерін алып жатыр.

«Сантьяго Бернабеу» стадионы ішінде

Стадион «Сантьяго Бернабеу» деп 1943-1975 жылдар аралығындағы «Реал Мадрид» президенті атымен аталды. Сантьяго Бернабеу жаңа стадион құрылысының бастаушысы болды. Құрылыс 3 жылға созылды. Ашушы ойын португалдық "Белененсиш" клубына қарсы достық ойынымен өтті, кездесу 1947 жылдың 14 желтоқсанында өтіп, Реал 3-1 есебімен жеңіске жетті.

1950 жылдарда Реалдың Еуропа чемпиондары Кубогында жақсы ойынының әсерінен клубтың қаражаты өсті. Бірінші үлкен қайта жаңарту 1954 жылы жасалып, стадион сыйымдылығын 125000 орынға көбейтуге мүмкіндік туды. Осылай Мадрид коллизейі жаңадан құрылған Еуропалық Кубок қатысушылар арасында ең ұлкен стадионға ие болды. Ғимарат өзінің ақ мұнараларымен әйгілі. 1955 жылы 4 қаңтарда стадион өзінің клуб президентінің құрметіне «Сантьяго Бернабеу» атанды, ал 1957 жылы Еуропа чемпиондары Кубогының финалында, әлемде бірінші рет болып жасанды прожекторлер іске қосылды.

1978 жылы қайтыс болған Сантьяго Бернабеу, Мадрид солтүстігінде жаңа стадион салуды ойластырып жүрген, бірақ ол жүзеге аспады. Алайда 1982 жылғы Әлем чемпионатына «Сантьяго Бернабеу» реконструкциядан өтті. Стадионның жаңарту проектіне сәулетшілер Рафаель Луис Алемани және Мануэль Салинас шақырылды. Ағайындылар стадионның алғашұы планың Мунос Монастериомен бірге құрған атақты Луис Алемани Алемани Солердің ұлдары болған. Жұмыс 16 айға созылып, құны 704 млн песета құрды, оның 530 миллионың Мадрид әкімшілігі төледі.

Реконструкциядан кейін отырып көретін 30200 орын және тұрып көретін галереялар қосылды. Толығымен 60000 адам футболды тамашалай алатын. Стадион турнирдың 3 группалық ойынының және финалды қосқанда 345000 көрерменді қарсы алды. Он жыл өтті: реконструкция жалғасып жатты. Трибунаның үшінші қабаты салынып бітті. Отырып көретін орын 65000-ге өсіп, жалпы сыйымдылық 105000 орынға өсті. Тағы бір реконструкциядан кейін стадион одан ары жайлы болып, бірақ сыйымдылық 74871 көрерменге азайды.

«Сантьяго Бернабеу» батыс фасады

2000 жылдан бері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылы «Реал» президенті Флорентино Перес болды; 5 жыл ішінде (2001—2006) ол стадионға 127 млн доллар инвестиция жасады: шығыс бүйiрлеу мiнбесiнiң фасады салынды, ол жерде жаңа кеңсе бөлмелері, баспасөз залы, VIP-ложалар орналасты. Шығыс мінбесінің кеңейтілуінен кейін алаң сыйымдылығы 80 354 адамғы өсті. Соңғы өзгеріс 2011 болды; енді стадионда 81 044 адам жайғаса алады.

2005 жылы президент лауазымынан кетуден бұрын, Перес стадионның үстiннен жайылмалы шатыр проектін ұсынады. Алайда, 2009 жылы оның президент орнына қайта келгенінде, проект тым қымбат деп шешілді. Испандық Marca газеті деректері бойынша, Перес әлі де шатыр реконструкциясын жасағысы келіп жүр. Испандық Сантьяго Калатрава, Притцкеровтік сыйлық лауреаты Рафаэль Монео және Бэй Юймин сәулетші болулары мүмкін.

Жалпы мағлұмат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Бернабеуде» 1964 жылғы Еуропа чемпионатының финалы және 2012 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы өтті[2]. 2007 жылдың 14 қарашасында «Бернабеуге» дегдарлы УЕФА футбол стадионы атағы берілді.

«Реалдың» 1500-ші ойыны «Сантьяго Бернабеуде» 2011 жылдың 22 қарашасында загребтік «Динамоға» қарсы ойналды. Ойын УЕФА Чемпиондар лигасының группалық кезеңінде өтті.

Стадион панорамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Мекен-жайы — Concha Espina, 1 28036 Madrid.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Santiago Bernabéu Stadium  (ағыл.). Real Madrid CF. Тексерілді, 28 ақпан 2021.
  2. Madrid and Hamburg awarded 2010 finals, UEFA (28 наурыз 2008). Тексерілді 28 наурыздың 2008.