Сезімдердің амбивалентілігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сезімдердің амбивалентілігі (гр. ambi - жұрнақ, екіжақтықты білдіреді, лат. valentia - күиі) - тұлғаның кұрделі күйі, сезімдердің және эмоциялардың бір уақытта қарсыласуынан туады; тұлғаның ішкі конфликтсінің көрінуі.Көбінесе жасөспірімдерде өзінің құрбыларымен, ата-аналарымен, мұғалімдерімен қатынасқа түскенде байқалады.[1] Амбиваленттілік — бойында қарама-қарсы сезімдер (қуаныш-қайғы, махаббат-жеккөру т.б.) туғызатын жағдайды білдіретін психологиялық ұғым. Амбиваленттілік адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасының күрделілігін, екіұштылығын және құндылықтар жүйесінің қайшылығын білдіреді. Амбиваленттілік терминін алғаш швейцарлық психолог Э. Блейлеф ұсынған. К. Юнг оны мәдениеттануда қолдана бастады. К. Юнгтің ұжымдық бейсаналық ілімінде архетиптік сананың мазмұнына екіүштылық тән, себебі тұрақты ескі сананың бейнелері жаңа мазмұн динамикасының салдарынан адамның тылсым дүниесіне ығыстырылады, бірақ ол күнделікті өмірде жоғалып кеткен, тылсым дүниеден бастау алатын амбиваленттӏлӏк көріністеріне өкеледі. М. Бахтиннің мәдениеттану теориясында амбиваленттілік орта ғасырлар мен Қайта Өркендеудің күлкі-әзіл мәдениетіне тән көркем бейнелерде байқалады. Амбиваленттілік бұл жағдайда ортағасыр адамына тән дене мен рухтың дуализмінен туындайды және жеке тұлғаның тіршілігіндегі циклдік өзгерістерге (ескі-жаңа, туу-өлім, жас-көрі т.б.) қатысты байқалып отыра¬ды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне де амбиваленттӏлӏктің көріністері тән: көшпелі тынымсыз қозғалыс және әлеуметтік тұрақтылық, мұсылманшылық және тәңіршілік, күнделікті тіршілік және сауық мәдени еті, еркіңдік және қауымдастық т.б.

[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  2. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8