Судың гүлденуі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
"Судың гүлденуі"

Судың гүлденуі— судың түсін жасыл (жасыл және көк жасыл балдырлар) және сары-қоңырдан (диатомдық) қызылға (динофлагеляттар) дейін өзгертетін фитопланктонның жаппай дамуы. Бұл процестің қарқындылығы балдырлардың биомассасымен анықталады: босаң гулдену (0,5— 0,9 мг/л), орташа (1,0-9,9), қарқынды (10-99,9 мг/л) және тым көп гүлдену — 100 мг/л-ден артық. Судың гүлденуі су қойманың оттектік режимінің нашарлауына апарып соқтырады. Судың гүлденуінің негізгі себептерінің біріне суқоймаға минералдық, әсіресе фосфорлы тыңайтқыштардың, синтетикалық жуғыш заттектер мен органикалық ластағыштардың түсуі жатады.Судың гүлденуі суқойманың биогенді заттектермен ластануына себеп болады, кейбір балдырлар суды улы заттектермен улайды. Бұл құбылыстар ежелден белгілі. Бірақ соңғы жылдары теңіз экожүйесіне антропогендік әсердің өсуі салдарынан олар жиі және өте қарқынды бола бастады. Суқоймаларға органикалық заттектердің (азоттың, фосфордың, калийдің, т.б.) көп мөлшерде түсуі, оттектік режімнің нашарлауы (тұншығуға дейін), сулы ортада улы органикалық қосылыстардың жиналуы жағдайды асқындыра түсті. Теңіздерде қызыл түсті су толысуы құбылысы байқалатын болады. Әсіресе, алапатты қызыл түсті су толысуы 1988 жылы Скандинавия жағалауында, ал 1989 жылы Жерорта теңізінің алабында тіркелді. Мұның салдарынан балықтар мен басқа гидробионттар жаппай тұншығып, балық аулау кәсіпшілігі мен туризмге едәуір мөлшерде зиян келтірді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.