Сфералық астрономия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Сфералық астрономия

Сфералық астрономияастрономияның аспан сферасындағы шырақтардың көрінерлік қозғалысы мен орналасуын зерттеуге байланысты есептерді шешудің математикалық тәсілдерін қарастыратын бөлімі.


Аспан сферасындағы денелердің орналасуы мен қозғалысын математикалық жолмен зерттеуде горизонталь, эклиптикалық және екі экваторлық координаттар жүйесі қолданылады (қараңыз Аспан координаттары). Аспан шырақтарын тікелей бақылау нәтижесінде алынған координаттар бірсыпыра ықпалдардың әсерінен дәл болып шықпайды. Прецессия мен нутация әсерінен координат осьтері ығысады. Аберрация құбылысынан аспан денелерінің сферадағы орны бақылаушыға ығысып көрінеді. Сфералық астрономия есептері сфералық тригонометрия формулалары арқылы шешіледі. Бақылау нәтижелеріне параллакстың тигізетін әсері де ескеріледі. Сфералық астрономия Күн жүйесіндегі планеталар беттерінің координаттарын анықтаумен де айналысады. Сфералық астрономия Күн мен Айдың тұтылуы, Ай мен Үркер тоғыстары, планеталардың Күн дискісі тұсынан өту құбылыстарын да зерттейді. Сфералық астрономияның ең басты мәселелерінің бірі – уақытты дәл өлшеу мен күнтізбе жасау. Мұның теориялық негізіне Жердің өз осінен айналуы және оның Күнді айнала қозғалуы алынады.

Сфералық астрономия мәселені шешіп қана қоймай, астрометрия міндетіне кері: аспан денелерінің қалпын болжауға мүмкіндік береді.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]