Қазақ ұлттық медицина университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
Ұраны:
лат. Erat. Est. Fuit.
(Болған. Бар. Болады.)[1]
Университет атауы
Халықаралық атауы Kazakh National Medical University named after S.D. Asfendiyarov
Бұрынғы атауы 1930-1963 – Қазақ мемлекеттік медицина институты
1963-1995 – Алматы мемлекеттік медицина институты
1996-2001 – С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік медицина университеті
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1930 жыл 2 желтоқсан
Түрі Ұлттық университет
Орналасуы
Орналасқан жері  Қазақстан, Алматы қаласы
Мекенжайы 050000, Төле би көшесі, 84
Әкімшілік
Ректоры Шоранов Марат Едигеевич
Негізгі көрсеткіштер
Мамандар 1712
Ғылым докторы 167
Студенттер шамамен 11 000
Магистратура 140
Докторантура 52
Марапаттары Еңбек Қызыл Туы ордені
Сайты Ресми сайты

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған[2] Қазақстандағы тұңғыш және жетекші[3] медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі[4].

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.

ҚазҰМУ миссиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет[5]

Университет құндылықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):[6]

  1. Елге қызмет (лат. Servire)
  2. Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
  3. Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
  4. Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
  5. Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
  6. Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
  7. Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
Қазақ ОАК Президиум отырысының №68 Протоколы
ҚазММИ ректоратының ғимараты, 1930 жыл.
КСРО ЖК Президиумы грамотасы.
Еңбек Қызыл Ту ордені, 1981 жыл.

Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.[7]

1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты.[8].

Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.[7]

Соғыс жылдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының БатырыМәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.

Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.

Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.

XXI ғасыр

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы»[9] Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.

2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды[10][11]. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.

Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды[12].

  1. Медициналық симуляция орталығы
  2. Коммуникативті дағдылар орталығы
  3. Фармацевтикалық дағдылар орталығы
  4. Тіс емдеу дағдылар орталығы
  5. Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
  6. Апат медицинасы орталығы.
  7. Компьютерлік сынып

Халықаралық ынтымақтастығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония)[13], Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан[14]. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU)[15], Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA))[16] сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:

ҚазҰМУ символдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.

«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.[17]

Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.[18]

Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.[19]

« ...Жаралған ерекше маман бар,
Еңбегін бағалап адамдар,
Жаныңа араша болсам деп,
Түн қатып ұйқысыз алаңдар....
»

Университет атауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:

  • 19301963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
  • 19631995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
  • 19962001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті[20]
  • 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Факультеттер мен кафедралар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.

  • Жалпы медицина мектебі 1
  • Жалпы медицина мектебі 2
  • Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
  • Фармация мектебі
  • Стоматология мектебі
  • Педиатрия мектебі
  • Халықаралық факультет
  • Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)

Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:

Мамандықтың аталуы Оқу мерзімі
Клиникалық практикамен
айналысу құқығы жоқ
Клиникалық практикамен
айналысу құқығы жоқ
Жалпы медицина 5 5+2
Стоматология  5 5+1
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)
Қоғамдық денсаулық сақтау  5
Фармация  5
Медицина-профилактикалық ісі 5
Мейірбике ісі 4
Әлеуметтік ғылымдар және бизнес
Менеджмент 4
Менеджмент (күндізгі қысқартылған) 2
Техникалық ғылымдар және технологиялар
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 2

Жалпы медицина факультеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.

Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.

Институттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Клиникалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.

Ректорлары мен директорлары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (19601963) Мәскеев Қ. М. (19751986), Момынов Т. Ә. (19952008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті ректорлары мен директорлары
Есімі Лауазымды иеленгел жылдар Қысқаша ақпарат
Санжар Жаппарұлы Асфендияров
Санжар Асфендияров
19301931 1889 жылдың 20 қазанында Ташкентте әскери тілмаштың отбасында дүниеге келген. 1907 жылы Ташкенттегі реалдық училищені бітірген. 1912 жылы Петербургтегі Императорлық әскери-медициналық академияны аяқтап, 1913-1917 жылдары әскери дәрігер қызметін атқарды. 1919-1920 жылдар аралығында Түркістан АКСР-нің денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады.
Есенғали Қасаболатов 19311933 Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Антоновск ауылында 1889 жылы қарашада дүниеге келген. 1915 жылы Саратов университетінің медициналық факультетін бітіріп, туған еліне оралып, дәрігер болып қызмет етті. Алаш қозғалысының мүшесі[21]
Харира Мұхамбетқызы Мұхамбетова 19331934 1908 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Мортық ауданының Мортық ауылында қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Оқу ғимаратының Комсомол көшесі бойына көшірген.[22]
Виктор Васильевич Зикеев 19341943 хирург, медицина ғылымдарының докторы (1947), профессор (1948), Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1945), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947). Мәскеу Мемлекеттік университетінің медицина факультетін 1919 жылы бітірген.
Василий Иванович Зюзин
Василий Иванович Зюзин
19431951 фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1944), профессор (1944), ҚазКСР еңбек сіңірген дәрігері (1943), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1947). 1925 жылы Дондағы Ростов қаласында Дон мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген. Медицина ғылымдарының 3 докторын, 14 кандидаттарын дайындаған.[23].
Сибұғатулла Рысқалиұлы Қарынбаев 19511954 анатом, медицина ғылымдарының кандидаты (1947), профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігер (1950). 1929 жылы А. В. Луначарский атындағы Астрахань мемлекеттік медицина интитутына түсіп, оны 1934 жылдың 1 шілдесінде бітірген. ҚазММИ анатомия кафедрасының тұңғыш қазақ аспиранты.[24]
Семен Михайлович Сидоров 19541955 сот дәрігері, медицина ғылымдарының докторы (1945), профессор (1945), Қазақ КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1960). 1931 жылы Омбы қаласындағы медицина институтын тәмамдаған. 26 медицина ғылымының кандидатын дайындады.[25]
Иван Сергеевич Корякин 1955-1960 гигиенист, медицина ғылымдарының докторы (1949), профессор (1960), Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1956). 1927 жылы Қазан мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірді. 28 кандидат, 3 медицина ғылымдарының докторын даярлады.
Роман Иванович Самарин 19601963 терапевт, медицина ғылымдарының докторы (1960), профессор (1961). 1939 жылдан КПСС мүшесі. Алматы медицина иститутының емдеу факультетін бітірген (1941).
Сибұғатулла Рысқалиұлы Қарынбаев 19631975 екінші мәрте.
Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев 19751987 фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981). 1955 жылы ҚазММИ-ның емдеу факультетін бітірген. Оның жетекшілігімен 20-ға жуық медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары дайындалды.
Евгений Степанович Белозеров 19871995 инфекционист, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1975), Қазақ КСРО еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1990). Свердловск медицина институтының педиатрия факультетін 1961 жылы бітірген. 300-ден аса ғылыми еңбектері, оның ішінде монографиялар және медицина институты студенттеріне арналған оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрген.
Талғат Әшірұлы Момынов 19952008 дәрігер-фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), ҚР ҰҒА академигі (2004). 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген.
Айқан Ақанұлы Ақанов 20082015 денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы (1992), профессор (1994), ҚР еңбек сіңірген қайраткер, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мәдениет» қайраткері. 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. 17 ғылым кандидатын және 15 ғылым докторларын дайындады. Рекстордың тұсында мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы 3,2 млрд теңгеден 13 млрд теңгеге дейін өсті, студенттер саны 10 мыңнан, ал білікті педагогтардың саны 1,7 мыңға жетті, сондай-ақ университет ғимараты үлкен жөндеу жұмысынан өтті. 2015 жылдың 29 желтоқсанында Айқан Ақанұлы өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті[26][27]
Талғат Сейтжанұлы Нұрғожин 13 шілде 2017 — қазіргі уақыт

Әйгілі түлектері және қызметкерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері. Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ұран университеттің бас ғимаратының жоғарғы жағында және ҚазҰМУ-дың 85 жылдығына орай тұрғызылған колоннада жазылған
  2. КазНМУ им. С.Асфендиярова отмечает 85-летие  (орыс.)
  3. Қазақстанның медициналық ЖОО ұлттық (бас) рейтингі
  4. International Handbook of Universities (IHU) Мұрағатталған 17 маусымның 2016 жылы..
  5. Университет миссиясы Мұрағатталған 18 тамыздың 2016 жылы.
  6. Университет құндылықтары
  7. a b Университет тарихы Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
  8. Алматы. Энциклопедия / Гл. ред. М. Қ. Қозыбаев — Алматы: Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы, 1983. — Б. 355—356. — 608 б. — 60 000 таралым.  (орыс.)
  9. ҚР Президентінің Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Жарлығының Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы.
  10. АМСК жөніндегі халықаралық конференция қатысушылары ТМД-да теңдесі жоқ Тәжірибелік машық орталығына барды Мұрағатталған 8 тамыздың 2022 жылы.
  11. В Алматы открыт новый Медицинский центр практических навыков, аналогов которому нет ни в одной из стран СНГ  (орыс.)
  12. Қасен Қожақанов атындағы Тәжірбиелік дағдылар орталығы Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
  13. International Agreements on Academic Cooperation Мұрағатталған 23 шілденің 2016 жылы.  (ағыл.)
  14. ҚазҰМУ әріптестерінің тізімі Мұрағатталған 6 шілденің 2022 жылы.
  15. New Members at the IAUえーゆー Мұрағатталған 11 тамыздың 2016 жылы.  (ағыл.)
  16. EUA Members Directory Мұрағатталған 16 қыркүйектің 2016 жылы.  (ағыл.)
  17. Университет логотипі(қолжетпейтін сілтеме)
  18. Университет туы(қолжетпейтін сілтеме)
  19. Университет Гимні Мұрағатталған 17 наурыздың 2016 жылы.
  20. С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттiк медицина институтын С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетi етiп қайта құру туралы Мұрағатталған 7 наурыздың 2016 жылы.
  21. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: Арыс, 2002. 358-360 б.
  22. АТАН ҚОМЫНДА ТУҒАН АДАМ Мұрағатталған 20 тамыздың 2016 жылы.
  23. Зюзин Василий Иванович  (орыс.). AZ Library. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 сәуір 2013. Тексерілді, 17 сәуір 2013.
  24. Екі рет министр, екі рет ректор болған Мұрағатталған 20 тамыздың 2016 жылы.
  25. Сидоров Семен Михайлович
  26. С.Асфендияров атындағы ҚҰМУ ректоры өз еркімен қызметінен кететіндігін жария етті Мұрағатталған 16 тамыздың 2016 жылы.
  27. Айқан Ақанұлының қызметтен кету жайлы жазған өтініші:
    « Жасым 65-ке тақады және 2 жыл бойы зейнетақы алып келемін. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өте дұрыс айтады: Зейнеткерлер осынау қиын-қыстау кезеңде жас қуатты басшыларға орын босату тиіс. »