Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары (тат. Татарстан Республикасы дәүләт бүләкләре) — «Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңына сәйкес Татарстан Республикасының Үкіметі белгілеген Ресей Федерациясы субъектісінің марапаттары.

Марапаттар Татарстан Республикасының мекемелерінің, ұйымдарының және кәсіпорындарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ Ресей Федерациясының басқа да азаматтарын және шет мемлекеттердің азаматтарын Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін мадақтауға арналған.

Марапаттардың тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттың суреті

Марапаттың атауы

Құрылған уақыты

Марапаттау ережесі

Дереккөз


«Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» ордені

тат. «Татарстан Республикасы алдындагы казанышлар өчен» ордены

24 наурыз
2004 жыл

«Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен осылар марапатталады:

  • Татарстан Республикасының мемлекеттілігін дамытудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, экономиканы, мәдениетті, ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды, өнер мен спортты дамытудағы ерекше қызметтері үшін,
  • қоғамдық тәртіпті қорғаудағы ерлігі мен батылдығы үшін.

Орден Татарстан Президентінің жарлығымен беріледі.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы
---


«Достық» ордені

тат. «Дуслык» ордены

25 сәуір
2015 жыл

«Достық» орденімен осылар марапатталады:

  • Татарстан Республикасының халықаралық беделін, Татарстан Республикасы мен шет мемлекеттер, Ресей Федерациясының басқа да субъектілері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше қызметтері үшін,
  • экономикалық, сауда, ғылыми, техникалық, әлеуметтік, мәдени байланыстар мен өндірістік әлеуетті дамытуға қосқан елеулі үлесі, Татарстан Республикасының гүлденуіне ықпал ететін тиімді инвестициялық, қайырымдылық және қоғамдық қызмет үшін.

    Орден Татарстан Президентінің жарлығымен беріледі.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2011 жылғы 10 қазандағы № 74-ЗРТ Заңы
---

Марапаттың суреті

Марапаттың атауы

Құрылған уақыты

Марапаттау ережесі

Дереккөз


«Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалі

тат. «Татарстан Республикасы алдындагы казанышлар өчен» ордены медале

25 сәуір
2015 жыл

«Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің медалімен марапатталады:

  • Татарстан Республикасының мемлекеттілігін дамытудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, экономиканы, мәдениетті, ғылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды, өнер мен спортты дамытудағы ерекше қызметтері үшін,
  • қоғамдық тәртіпті қорғауда, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін жағдайларда әскери, азаматтық немесе қызметтік борышын орындау кезінде ерлік пен батылдық танытқаны үшін,
  • белсенді қоғамдық және қайырымдылық қызметі үшін.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2011 жылғы 10 қазандағы № 74-ЗРТ Заңы
---


«Ерен еңбегі үшін» медалі

тат. «Фидакарь хезмәт өчен» медале

24 наурыз
2004 жыл

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталады:

  • Татарстан Республикасының мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саласындағы дамуы, республиканың экономикалық және ғылыми әлеуетін дамытудағы еңбегінің жоғары жетістіктері үшін,
  • белсенді қоғамдық және қайырымдылық қызметі үшін.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы
---


«Татарстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі

тат. «Татарстан Республикасында җирле үзидарәне үстерүдәге казанышлар өчен» медале

24 наурыз
2004 жыл

«Татарстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» марапатталатын азаматтар:

  • Татарстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру мен дамытудағы ерекше қызметтері үшін,
  • жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырғаны, жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың мүдделеріне негізделген тарихи және басқа да жергілікті дәстүрлерді ескере отырып шешкені үшін.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы.
---


«Ата-ана айбыны» медалі

тат. «Ата-ана фидакарьлеге» медале

27 желтоқсан
2021 жыл

ата-аналарға (асырап алушыларға) — тіркелген некеде тұрған Ресей Федерациясының азаматтарына, не болмаса, ата-анасының (асырап алушылардың) біреуіне — ата-анасының (асырап алушылардың) біреуі қаза болған жағдайда не қайтыс болды деп жарияланғанда, отбасы заңнамасының талаптарына сәйкес жеті және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған немесе тәрбиеген, кемінде бір кәмелетке толмаған баласы болса, Ресей Федерациясының азаматына беріледі.

«Ата-ана айбыны» медалімен марапаттауға ұсыну кезінде Отанды немесе оның мүдделерін қорғау, әскери, қызметтік немесе азаматтық борышын өтеу кезінде, жарақаттан, жарымжандықтан, көрсетілген жайттардан алынған зақымнан немесе дерттен, яки өндірістік жарақаттанудың немесе кәсіптік аурудың салдарынан, я болмаса, жазатайым оқиғалардың немесе дүлей зілзаланың салдарынан қаза тапқан я хабарсыз кеткен балалары да есепке алынады.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 106-ЗРТ Татарстан Республикасының Заңы
---


«Ана даңқы – Материнская слава» медалі

тат. «Ана даны — Материнская слава» медале

24 наурыз
2004 жыл

Медалмен Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын, Татарстан Республикасының аумағында тұратын, бес және одан да көп бала туып, тәрбиелеп отырған (тәрбиелеген), кемінде бір кәмелетке толмаған баласы бар — аналар марапатталады.

Марапатқа ұсыну кезінде көп балалы ананың бала тәрбиесіне деген риясыз көзқарасы ескеріледі.

Марапатқа тағайындау кезінде осындай балалар ескеріледі:

  • заңда белгіленген тәртіппен анасы асырап алған;
  • Отан қорғау немесе өзге де әскери борышын орындау кезінде не адам өмірін сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін қорғау жөніндегі азаматтық борышын орындау кезінде қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен, сондай-ақ жарақаттанудың, жарымжандықтың, көрсетілген жайттар бойынша алған зақымдардың не дерттердің салдарынан, не болмаса, еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауруға шалдығудың салдарынан, я болмаса, жазатайым оқиғалардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың салдарынан қайтыс болғандар

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы.
---


«Татарстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл» медалі

тат. «Татарстан Автономияле Совет Социалистик Республикасы төзелүгә 100 ел» медале

12 қазан
2019 жыл

«Татарстан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл» медалімен Татарстан Республикасының мемлекеттілігін дамытуға елеулі үлес қосқан, оның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, мәдени-рухани мұраны сақтауға және арттыруға, кәсіби және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі бар, Республика беделін арттыруға ықпал еткен азаматтар марапатталады[1].

Татарстан Президенті ТАКСР-ның 100 жылдығы құрметіне арналған медалдің сыртқы кескінін бекітті (ТР № УП-620 Заңы) Мұрағатталған 15 қазанның 2019 жылы.
---


«Татарстанда үш миллиардыншы тонна мұнай өндіру құрметіне» медалі

тат. «Өч миллиард тонна Татарстан нефтен чыгару уңаеннан» медале

24 наурыз
2004 жыл

«Татарстанда үш миллиардыншы тонна мұнай өндіру құрметіне» медалімен марапатталады:

  • Татарстан Республикасы мұнай өнеркәсібінің қызметкерлері болып табылатын (болған) өз жұмысында жоғары көрсеткіштерді көрсеткен азаматтар, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, өздері басқаратын ұжымдармен бірге еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізген, Татарстан Республикасының мұнай саласындағы кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары;
  • Татарстан Республикасы халық шаруашылығындағы басқа салаларының, Татарстан Республикасы мұнай өнеркәсібінің қалыптасуы менен дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы.
---

Басқа марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Марапаттың суреті

Марапаттың атауы

Құрылған уақыты

Марапаттау ережесі

Дереккөз


Құрмет атақтарына арналған төсбелгінің үлгісі

Татарстан Республикасының құрмет атақтары

24 наурыз
2004 жыл

Құрмет атақтарды Татарстан Республикасының Президенті береді:

күнделікті қызметі саласында елеулі үлес қосқан әртістер, жазушылар, ақындар, мұғалімдер, суретшілер, агрономдар, сәулетшілер, мал дәрігерлері, дәрігерлер, газшылар, геологтар, өнер қайраткерлері, ғылым қайраткерлері, малшылар, жерге орналастырушылар, зоотехниктер, өнертапқыштар, орманшылар, машина жасаушылар, мелиораторлар, механизаторлар, мұнайшылар, жоғары оқу орындары қызметкерлері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері, мәдениет қызметкерлері, жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, баспа және бұқаралық коммуникация қызметкерлері, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, ақпарат және байланыс қызметкерлері, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, халыққа қызмет көрсету қызметкерлері, көлік қызметкерлері, дене шынықтыру саласының қызметкерлері, жаңашылдар, ішкі істер органдарының қызметкері, құтқарушылар, құрылысшылар, мұғалімдер, химиктер, экологтар, экономистер, энергетиктер мен заңгерлер.

«Халық» атағы «Еңбек сіңірген» құрмет атағы берілгеннен кейін бес жыл өткен соң беріледі.

Құрмет атақ алғандарға тиісті төсбелгі беріледі.

«Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» Татарстан Республикасының 2004 жылғы 24 наурыздағы № 25-ЗРТ Заңы.

Татарстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты

12 наурыз
2003 жыл

Татарстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты еңбек ұжымдары мен Татарстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды, сондай-ақ Республикаға басқа да еңбегі сіңген азаматтарды мадақтайды.

«Татарстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты туралы» Татарстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 12 наурыздағы № УП-200 Жарлығы

Татарстан Республикасы Президентінің алғысы

27 желтоқсан
2011 жыл

Татарстан Республикасы Президентінің алғысы Татарстан Республикасының мемлекеттілігін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, экономиканы, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, ғылымды, мәдениетті, өнерді, білім беруді, денсаулық сақтауды, спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі қызметі үшін, Татарстан Республикасындағы азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған шаруашылық, ғылыми, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық, қайырымдылық қызметтегі жоғары жетістіктері үшін, Татарстан Республикасына жасаған тағы басқа қызметтері (жетістіктері) үшін берілетін мадақтау нысаны болып табылады.

Алғыспен Ресей Федерациясының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар мадақталады.

«Татарстан Республикасы Президентінің алғысы туралы» Татарстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № УП-873 Жарлығы

Қазан қаласының марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазан қаласының марапаттары – Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаттарына қатысы жоқ Татарстан Республикасының (Ресей Федерациясының құрамындағы) әкімшілік орталығының марапаттары.

Марапаттың суреті

Марапаттың атауы

Құрылған уақыты

Марапаттау ережесі

Дереккөз


«Құрметті азаматтың» төсбелгісі

«Қазанның құрметті азаматы» атағы

30 наурыз
2005 жыл

«Қазанның құрметті азаматы» атағы Қазан қаласының дамуы мен гүлденуіне, оның Ресейдегі және халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыруға ерекше үлес қосқан қала тұрғындарына, азаматтарға беріледі.

Құрметті азамат атағы берілуінің негіздері::

  • қаланың экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына, оның тарихи-сәулеттік келбетін қалпына келтіруге және сақтауға, ғимараттар мен құрылыстарды салуға қосқан ерекше үлесі;
  • қала мен оның тұрғындарының игілігі үшін жасалған істері мен әрекеттері (қайырымдылық шаралары, аса ірі көлемдегі қайырымдылықтар, әлеуметтік маңызы бар жобаларды өтеусіз қаржыландыру);
  • Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы және Қазан қаласы және жаһандық маңызы үшін ұзақ мерзімді қоғамдық, саяси, ғылыми, спорттық, мәдени, экономикалық және басқа да қызметтердің арқасында жоғары нәтижелерге ие болған азаматтың Қазан қаласының тұрғындары арасындағы беделі.

Салтанатты жағдайда Қазан әкімдігінен атақ алған адамға беріледі:

  • құрметті азамат белгісі және оның кішірейтілген көшірмесі;
  • Құрметті азамат мақтау қағазы мен куәлігі:
  • Құрметті азаматтар кітабына жазылады.

«Қазанның марапаттары туралы» Қазан халық депутаттары Кеңесінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 3-23 шешімі.
---

«Қазан игілігі үшін еңбегі мен ерлігі үшін» айрықшалау белгісі

30 наурыз
2005 жыл

«Қазан қаласының игілігі үшін еңбегі мен ерлігі үшін» айрықшалау белгісімен өз мамандығы бойынша еңбек еткен Қазан қаласының дамуы мен гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін өз қызмет саласындағы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, мекемелердің, ұйымдардың кәсіби деңгейі жоғары, 7 жылдан кем емес жұмыс атқарған, осы еңбек ұжымында - 3 жылдан кем емес жұмыс атқарған және Қазан қаласының кәсіпорындарының, бірлестіктерінің, мекемелерінің, ұйымдарының, аудандарының марапаттары, мадақтаулары бар қызметкерлерге беріледі.

Айрықшалау белгісімен марапатталған жағдайда, марапатталған адамға белгіленген үлгідегі төсбелгісі және айрықшалау белгісімен марапатталғаны туралы куәлік беріледі.

Айрықшалау белгісімен марапатталған адам оны Ресей Федерациясының және Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттарынан кейін кеудесінің оң жағына тағады.

«Қазанның марапаттары туралы» Қазан халық депутаттары Кеңесінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 3-23 шешімі

«Қазанға мінсіз қызметі үшін» айрықшалау белгісі
I, II мен III дәрежелі

30 наурыз
2005 жыл

«Қазанға мінсіз қызметі үшін» айрықшалау белгісімен Қазан қаласының дамуына үлкен үлес қосқан Қазан қаласының муниципалды және мемлекеттік қызметкерлері, муниципалды және мемлекеттік меншіктегі мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлеріне көптеген жылдар (10, 15, 20 жыл) Қазан қаласының гүлденуіне және Қазан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жемісті қызмет үшін марапатталады.

Айрықшалау белгісі III дәрежелі болып келеді:

  • I дәреже — 20 жыл бойы мінсіз жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға беріледі;
  • II дәреже — 15 жыл бойы мінсіз жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға беріледі;
  • III дәреже — 10 жыл бойы мінсіз жұмыс істеген (қызмет еткен) адамдарға беріледі.

Айрықшалау белгісімен марапатталған жағдайда, марапатталған адамға белгіленген үлгідегі белгісі және Айрықшалау белгісімен марапатталғаны туралы куәлік беріледі.

Айрықшалау белгісімен марапатталған адам оны Ресей Федерациясының, Татарстан Республикасының мемлекеттік марапаттарынан, Қазан марапаттары – «Қазан қаласының игілігі үшін еңбегі мен ерлігі үшін» айрықшалау белгісінен кейін кеудесінің оң жағына тағады.

«Қазан қаласының наградалары туралы» Қазан халық депутаттары Кеңесінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 3-23 шешімі

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. В РТ учреждена медаль «100 лет образования ТАССР» Мұрағатталған 25 қыркүйектің 2019 жылы. / © Газета Республика Татарстан