Тері рагы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тері рагі күн астында көп уақыт өткізетін терісі ақ адамдарда жиірек кездеседі. Әдетте ол күн сәулесі мол түсетін жерлерде пайда болады. Тері рагінің әр түрлі формалары бар. Әдетте ол кішкентай сақина тәрізді болып басталады, ортасы батыңқы, маржан түстес болып келеді, оның бірте-бірте көлемі ұлғая бастайды. Көп жағдайларда, тері рагі егер дер кезінде емдесе онша қауіпті емес. Рак өсіндісі хирургиялық жолмен ғана алынады. Егер рак ісігіне айналуы мүмкін созылмалы жара пайда болса, онда дәрігерге көрініңіз. Тері рагін болдырмау үшін ақ түсті адамдар күн көзінен қорғанып, үнемі ши қалпақ киіп жүруі керек. Тері рагімен ауыратын адам, егер оның күн көзінде ұзақ болуына тура келсе, күн сәулесінен қорғайтын арнаулы кремді пайдалануына болады. Мырыш тотығының майы — онша қымбат емес, әрі тері рагі ауруының алдын алу үшін пайдалы дәрі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!