Тривор
Тривор теңіз деңгейінен 7577 м биіктікте орналасқан. Тривор тауы ПОК-тағы (Пәкістан-Оккупацияланған Кашмир) Гилгит ауданында орналасқан. Бұл тау Қарақорым тізбегіндегі Хиспар Музтагтың бөлігі болып табылады.
Таудың географиялық координаталары: 36 ° 17 ‘15 “С, 75 ° 05’10” Ш. Тау шыңына алғаш рет 1960 жылы америкалық топ шыққан болатын. Тривордың оңтүстік беткейі Кунианг мұздығынан Хиспар мұздығына бағытталған өткелдің шығысында орналасқан Битанмалдан басталады.
Тривор биіктігі 7200 м-ді құрайтын Буларунг Сардың батысында және Хиспар Музтагтың шығыс шетіндегі биіктігі 7343 м-ді құрайтын Момил Сардың оңтүстігінде орналасқан.
Тривор тауының дөңестігі 980 м-ді құрайды. Тривор тауына альпинистер тек екі рет сәтті көтерілген болатын. Триворға алғаш көтерілген Уилфрид Нойс басқарған британ-америкалық командасының құрамында бес ағылшын және бір америкалық болған. Уилфрид Нойс 1953 жылы Эверест тауына ең алғашқы болып шыққан британ экспедициясының құрамында болған. Тривор тауы Дистагил Сардан бастау алады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.