Турағұл Ибрагимов
Турағұл Ибрагимов[1] (1876-1934) - Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген.
- Турағұл 1904 жылы Күшік-тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған.
- 1917-20 жылы ол Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әр түрлі жауапты қызметтер атқарған.
- Турағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан да Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қалай жазылғанын және кімге арналғанын жақсы білген.
- Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте бастырып шығарған.
- 1927 жылы Қазақ АССР білім комиссариатына тапсырған толық қолжазба жинақтың ғылыми құндылығы аса жоғары дерек көздері болып табылады. Турағұлдың соңғы аталған еңбегі бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекетінің Орталық музейінде сақтаулы.
Турағұл үлесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Турағұлдың Абай мұрасын жинастырып бастыруда аса құнды мағлұматтар жазып, ақын шығармаларының текстология әуелгі түпнұсқаны қалпына келтіруде абайтану ғылымына үлесі зор. Ол М. О. Әуезовқа «Әкем туралы» деген көлемді естелік жазып берген. Турағұлдың Абай туралы естеліктерінің қысқаша нұсқасы 1933, 1940 жылы Абай шығармалары жинағында, баспасөз беттерінде жарияланған. Турағұл ақын болумен қатар домбыра, скрипкада шебер ойнаған. Оның қызы, әнші Мәкен әкесінен үйренген Абайдың 17 әнін нотаға жаздырған. Ол А.М.Горькийдің «Челкаш» әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып («Таң» журналы, 1924, №3,4)бастырған. А. Неверовтың «Мен өмірге жерікпін» (Москва, 1927), Джек Лондонның «Балалық туралы ертегі» (1927) және «Балалы әйел не білу керек» (Москва, 1927) деген ғылыми- медициналық кітапшаны аударып, бастырып шығарған.
- Турағұлдың өз ағасы Әбдірахманға арнаған тағы басқа өлеңдері Абайдың мемлекіттік қорық-музейі қорында сақтаулы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Тұрағұл Абайұлы «Әдебиет порталы» сайтында
- Ә.Ахмет: Тұрағұл Абайұлы — қазақ тілін зерлеген тұлға
- Сүйегі Шымкентте жатқан Тұрағұл Абайұлы туралы не білеміз?
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |