Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ТҮРКСОЙ
түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı
Түркі мәдениетін және өнерін дамыту Халықаралық Ұйымы

TÜRKSOY туы
TÜRKSOY туы

ТҮРКСОЙ мүше елдері
ТҮРКСОЙ мүше елдері

Құрылуы1993 12 шілдеде
Бас кеңсесі Анкара, Түркия
Мүшелері13 ел мүше
Бас хатшысыДүйсен Құрабайұлы Қасейінов
Ресми торабыhttp://www.turksoy.org.tr

Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы қысқартылған ТҮРКСОЙ (түр. Uluslararası Türk Kültürü Teşkilatı, -{TÜRKSOY}-) — Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы.

1993 ж. 12 шілдеде Алматыда келсімге құрылтайшы елдердің өкілдері қол қойған.

Түркия Республикасы ұйымның арқаушы елі болып тағайындалды. TÜRKSOY ұйымының ресми қызмет тілі— түрік тілі. Бас кеңсесі Анкара (Түркия) қаласында орналасқан.

1994 ж. бастап Полад Бүлбүл Оғлы, Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрі, үш рет (1994, 1997, 2000 жж.) халықаралық ұйымның Бас директоры болып сайланған.

Мақсаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
International Organization of Turkic Culture, headquarters.

Ұйымның басты мақсаттары:

  • Халықаралық қатынастарда жаңа тепе-теңдіктің құрылуы мақсатымен, аумақтық және бүкіл дүниежүзілік деңгейде жаңа мәдени ұйымдарды қолдау.
  • Түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынастар құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету, баянды қылу.
  • Түркі дүниесінде ортақ бір тіл мен әліпби қолданылуы үшін тиісті орта және жағдай қалыптастыру.
  • Түркі дүниесі халықтарының ортақ өткенінің, тарихының, тілі мен әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің біртұтас күйінде ғылыми зерттеулерін күшейту.
  • Ұлттың тарихын, ана тілін, әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарға мұра ету үшін жағдай жасау.

ТЮРКСОЙ құрамына 14 ел кіреді, оның ішінде егеменді елдер, федеральды субъектілер мен автономды аймақтар. 2015 жылдың соңында Ресей мәдениет министрі Владимир Мединский Алтай, Башқұртстан, Саха (Якутия), Татарстан, Тыва және Хакасия Республикаларының басшыларына Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен байланыстарды тоқтату міндеті туралы телеграмма жолдады.

Бұл Тыва, Алтай және Якутияның ұйым құрамынан шығуына әкеп соқтырды.

Мүшелері Тілі Түсіндірмелер
 Әзербайжан Әзербайжан тілі
 Қазақстан Қазақ тілі
 Қырғызстан Қырғыз тілі
 Өзбекстан Өзбек тілі
 Түркия Түрік тілі
 Түрікменстан Түрікмен тілі
Қараушы елдер тілі Notlar
Башқұртстан Башқұртстан Башқұрт тілі
Үлгі:Country data Татарстан Татарстан Татар тілі
Ғағауызстан Ғағауызстан Ғағауыз тілі
 Солтүстік Кипр Түрік тілі
Хақассстан Хакасия Хақас тілі

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]