Ультразавр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Ультразавр — керік мойынды, денесі үлкен, шөппен қоректенетін динозавр. Ол — біз білетін ұзын бойлы, алып денелі динозаврлардың бірі. Ультразаврдың қалдықтары турасында айтылып жүпген қызықты пікірлер көп. Мысалы, динозаврдың сүйегі екі динозаврдың — брахиозавр мен суперзаврдың сүйектерінің қосындысынан тұрған деген дерек. бұл екеуі де — ірі денелі, төрт аяқты шөпқоректі, ұзын мойынды, құйрықты жануарлар. Ультразавр төрт аяқпен қозғалған. Ұзындығы — 25—30 метр, биіктігі — 15 метр, салмағы — 55—130 тонна.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Оның атауын Брайам Янг университетінің профессоры Джейм Дженсон берген.
- 1979 жылы америкалық палеонтолог АҚШ-тың Колорадо жерінен жануардың ежелгі Юра дәуіріне жататын бірнеше сүйегін тапты.*Ультразавр тамағын шайнамай, бүтіндей жұта алған. Оның тамағы ішке түскесін өзі қорытылған.
- Ультразаврдың тасқа айналған қалдықтары брахиозавр мен суперзаврдың сүйектеріне өте ұқсас.
- Атауын 1985 жылы Джеймс Дженсен берген.
- Кейінірек динозаврдың атауы “ультразавр макинтош” деп өзгертілді. Өйткені, мұндай атау бұған дейін басқа динозаврға тиесілі болатын.
- Қорегі: өсімдіктер
- Салмағы: 55—130 тонна.
- Тұқымдас: Брахиозаврид.
- Отряд тармағы: Завропод [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы