Херд аралы және Макдональд аралдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Херд аралы және Макдональд аралдары
ағылш. Heard Island and McDonald Islands
Жерсеріктен көрінісі
Жерсеріктен көрінісі
Сипаттамасы
Ірі аралыХерд
Жалпы ауданы372 км²
Ең биік нүктесі2745 м
Тұрғындар (2012 жыл)0 адам
Орналасуы
53°06′ о. е. 73°31′ ш. б. / 53.100° о. е. 73.517° ш. б. / -53.100; 73.517 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°06′ о. е. 73°31′ ш. б. / 53.100° о. е. 73.517° ш. б. / -53.100; 73.517 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияҮнді мұхиты
Ел Аустралия
Херд аралы және Макдональд аралдары (Үнді мұхиты)
Херд аралы және Макдональд аралдары
Херд аралы және Макдональд аралдары Ортаққорда

Херд аралы және Макдональд аралдары (ағылш. Heard Island and McDonald Islands, қысқаша HIMI) — Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан ұсақ архипелаг. 2 ірі және көптеген майда аралдан құралған. Аустралияның тәуелді аймағы болып саналады.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Моусон шыңы көрінісімен Херд аралының ландшафты
Архипелаг картасы

Херд аралы және Макдональд аралдары архипелагы әлемдегі ең қиыр түкпірдегі құрғақ жер болып келеді:

Херд аралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Херд аралы (53°06′ о. е. 73°31′ ш. б. / 53.100° о. е. 73.517° ш. б. / -53.100; 73.517 (G) (O) (Я)) Кергелен платосының су астындағы жанартауының төбесі болып келеді. Аралдың ұзындығы 43 км және ені - 21 км. Аралдың (және архипелагтың) ең биік нүктесі - Моусон шыңының биіктігі 2745 м. Бұл Аустарияның да ең биік нүктесі болып саналады. Херд аралының 80 %-ын қар мен мұз басып тұрады. Арал аумағы - 368 км².

Макдональд аралы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Макдональд аралы (53°03′ о. е. 72°37′ ш. б. / 53.050° о. е. 72.617° ш. б. / -53.050; 72.617 (G) (O) (Я)) Херд аралынан батыс жағына қарай 44 км қашықтықта орналасқан. Бұл да жанартаудан пайда болған арал. Ең биік жері - 230 м, аумағы - 2,5 км².

Басқа аралдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқа архипелагтың құрамына кіретін аралдардың ірілері:

  • Шаг-Айленд аралы
  • Морган аралы
  • Саил және Блэк жарлары.

Бұл майда аралдар Херд аралының солтүстігінде 10 км қашықтықта орналасқан. Майда аралдардың жалпы аумағы - 1,1 км². Архипелагтың аумағы - 372 км².

Аймақтың климаты - субантарктикалық: жылы қысы (+0,1°C) және суық жазымен (+4,2 °C) сипатталады. Жылы бойы тұратын желдің жылдамдығы 26-33,5 км/сағ. Желдің ұйытқуы 180 км/сағ дейін болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері Херд аралында 1300-1900 мм. Төрт күннің үшінде аралдарды жауын-шашын болып тұрады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]